Әлемді бірге оқиық. «Россия-Қазақстан:шексіз оқулар 2019»
- Толығырақ
- Құрылды 26.11.2019 17:25
26 - 28 қараша 2019 жылы Шығыс Қазақстан кітапханаларында «Ресей-Қазақстан» жобасы аясында жаңа кездесулер өтті. 26 қараша сағат 11.00-де кітапхана барша балалар, ата-аналар мен педагогтарды көптеген жас оқырман жүрегін жаулап алған заманауи танымал авторлар кітаптарының көрме-тұсаукесері өтті. Көрме "Ресей-Қазақстан. Шексіз оқулар" халықаралық жобасы аясында ұйымдастырылды.
Ресейдің жетекші баспаларының үздік балалар кітаптары: Балалар кітап үйі / «Детское время», «Поляндрия», «КомпасГид», «Розовый жираф», «Самокат», «Речь», «Белая ворона» баспаларымен Ресей Федерациясының Ленинград облыстық балалар кітапханасының мамандары – Татьяна Андреевна Белинская мен Екатерина Кузьмина таныстырды.
Жарқын көрме кез келген талғамға арналған. Бұл Наталья Евдокимова мен Марина Аромштамның тағылымды тарихы. Артур Гивовтың адал да ирониялық әңгімелері. "Амстердам Хармсы" Тоон Теллегеннің парадоксалды ертегілері. Давиде Морозинотто, Розмари Уэллс, Паола Дзаннонердің керемет шытырман оқиғалы романдары. Корнелия Функе, Эйко Кадоно, Эмили Лайт т.б. тамаша, тартымды да қызықты кітаптары.
Кездесудің құрметті қонағы – балалар мен жастар әдебиеті саласында көптеген марапаттарды иеленген жазушы Евгений Рудашевский болды. «Здравствуй, брат мой Бзоу!» повесі үшін "Книгуру" конкурсының лауреаты (2013), «Ворон» кітабы үшін В.П. Крапивин атындағы сыйлықты иеленген. Аталған кітап Халықаралық
Мюнхен жасөспірімдер кітапханасының сарапшыларымен "Белые вороны 2017" көрнекті кітаптар тізіміне енген. Рудашевский жасөспірімдерге арналған шытырман әдебиеттің жаңа жанрлық үлгісін жасай алды. Жас қаламгер туындыларында: борыш пен адалдық, достық пен махаббат, зұлымдыққа төзбеушілік туралы өте қарапайым тілмен жеткізген.
Шығармашылық топпен және кітапхана оқырмандарымен кездесуге ШҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама Басқармасының мәдениет және өнер бөлімінің бастығы Нұрғалиев Алмаз Болатұлы және Ресей Федерациясының Өскемен қаласындағы Бас консулдығының орынбасары Николай Михайлович Тищенко келді.
Николай Михайлович Тищенко «Ресей-Қазақстан: шексіз оқулар -2019» сияқты шығармашылық кездесулерді ұйымдастырғаны үшін А. С.Пушкин кітапханасының басшылығы мен ұжымына алғысын білдірді.
Максимова Марина, руководитель Центра знаний библиотеки:
Бүгінгі күні ата-аналар мен педагогтар баланың оқуға деген сүйіспеншілігін ерте жастан бастап оятуға тырысады. Себебі, кітаптар ой-өрісті кеңейтеді, ақыл-ойды арттырып, қиялды дамытады. Дегенмен, «балаларды тәрбиелемеңіз, олар бәрібір сізге ұқсайды, алдымен өзіңізді тәрбиелеңіз» деген сөз де бар. Сондықтан, жай ғана балаңызбен бірге кітапханаға келсеңіз болғаны! Балаңызға жақсы үлгі бола болыңыз!
Бірлескен кітапхана жобасы аясындағы жаңа кездесулер біздің әдеттегі оқу шеңберіміздің аясын кеңейтуге, заманауи балалар кітаптары әлемінде жаңа көкжиектерді ашуға, ең жақсы кітаптарды іздеуге қосылуға көмектеседі.
27-28 қараша күндері «Вдохновение к чтению», «Мгновение чистой свободы», «Советы для будущих странников» тақырыптарындағы тұсаукесерлер мен кездесулер Шемонаиха және Риддер қалаларында жалғасын табады.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26341799
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы