Рухани жаңғыру: Тәуелсіздік жастары: жас ақындармен кездесу
- Толығырақ
- Құрылды 11.12.2019 17:54
Жастар жылын аяқтап, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 28 жылдығын мерекелеу қарсаңында 11 желтоқсаны күні кітапханада Тәуелсіздік құрдастары, өлкеміздің жас ақындары – Оразай Жеңісұлы, Алтынғадыс Күнтуғанұлы, Әлішер Әлімжановпен кездесу өтті.
Абылгазинова Гулбаршын, Анықтама және библиографиялық қызмет орталығының қызметкері:
- Әңгіме аға буын ақындардың рухани әлемі Тәуелсіздік жылдары дүниетанымы қалыптасқан жастар идеалы мен амбициясынан несімен ерекшеленеді деген сауал төңірегінде болды. Жас ақындар Қазақстандағы Жастар жылы оқиғаларын қалай бағалайды, бұл акция оларға не берді, еліміздің Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген табыстарын жақында өткен мемлекеттің өткенімен салыстырғанда қалай қабылдайды, республиканың болашағы мен өз болашақтарын қалай көреді? Жас таланттар поэзиясында Алтайдың табиғаты, туған жердің әсемдігі, махаббат, адалдық, достық тақырыбына қалам тартқан.
Кездесуге кітапхананың оқырмандары, құрдастары, Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей, дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мамандандырылған лицейі, №1 Шәкәрім Құдайбердиев атындағы мектеп оқушылары, Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің студенттері келді.
Жиналысқа кітапхананың оқырмандары, поэзия мен әдебиетті жақсы көретіндер талантты құрдастарымен әңгімелесуге және олардың шығармашылық ізденістерінде қолдау көрсетуге келді.
Ақындарымыз жиырмадан енді ған асқан жас болса да қазірдің өзінде олардың өлеңдері жарияланып, байқауларға қатысып жүр.
Оразай Жеңісұлы - 1998 жылы дүниеге келген. Өскемен қалалық А.Байтұрсынов атындағы №20 мектептің түлегі. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті журналистика мамандығының 4 курс студенті. ШҚО «Дидар» газетінің тілшісі. Өскемен қалалық «Шабыт» ақындар мектебінің мүшесі.
Алтынғадыс Күнтуғанұлы - 1997 жылы Моңғолияның Баян-Өлгий қаласында дүниеге келген. Орта мектепті Өлгий қалалық №6 толық орта мектебінде тамамдаған. Қазір ШҚМУ-дың «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығында оқиды. Өлеңдері: «Азаттығым – Ғажап Күнім» атты антологияда жарық көрген. Халықаралық, Республикалық, облыстық жыр-мүшәйралардың жүлдегері. Құрманхан Мұқамадиұлы, Мұқағали Мақатаев, Есенқұл Жақыпбеков атындағы әдеби сыйлықтардың иегері.
Әлішер Әлімжанов - 1998 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар аулында дүниеге келген. Қ.Билялов атындағы гимназияның түлегі. Өскемен политехникалық колледжін бітірген. Қазір Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің 4-курс студенті. Өскемен қалалық «Шабыт» ақындар мектебінің мүшесі. Облыстық және республикалық мүшәйралардың жүлдегері. Өлеңдері түрлі облыстық басылымдарда жарық көрген.
Алаш рухын асқақтатар өлеңдерімен қатар лирикалық өлеңдерімен де оқырман жүрегінен орын алып жүрген жастарымызға сәттілік, шығармашылық шабыт тілейміз!
|
|
|
|
|
|
|
Байланысшы: Жансая Ашкенова
Байланыс тел.: 26-39-46
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26340405
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы