Рухани жаңғыру: Ғасыр бұлбұлы – Бибігүл Төлегенова
- Толығырақ
- Құрылды 13.12.2019 16:55
13 желтоқсан күні кітапханада «Рухани жаңғыру» жобасы аясында «Ғасыр бұлбұлы – Бибігүл Төлегенова» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылып, әйгілі әншінің 90 жылдығына арналды.
Әдеби-музыкалық кешке кітапхана оқырмандары мектеп пен колледж оқушылары, студенттер, шығармашылық интеллигенция келіп, қазақстандық және әлемдік мәдениеттің дамуына баға жетпес үлес қосқан атақты әртістің ғажайып музыкалық әлеміне саяхат жасады.
Фойеде қонақтарды «Жігер» домбырашылар ансамблі қарсы алып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Жез таңдай жерлесіміз Бибігүл Төлегенованың есімі қазақ халқының тарихы мен мәдениетінен ерекше орын алады. Ол – сахна мен кино өнерінің қайталанбас бейнесін сомдап, әншілік талантымен миллиондаған тыңдарманның құлақ құрышын қандырып, жүректеріне шуақ нұрын сыйлап, бүгінде «Рухани жанғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында өте өзекті болып табылады.
1929 жылы 16 желтоқсанда дүниеге келген әйгілі опера әншісі, КСРО-ның Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты және Күләш Байсейітова атындағы Қазақ КСРО мемлекеттің сыйлығының лауреаты – Бибігүл Ахметқызы Төлегенова көптеген жылдар бойы шет елдерге еліміздің мәдениетін, ұлттық өнерін таныстырды. Әншінің орындауындағы опера ариялары отандық және әлемдік әнсүйер қауымды тәнті қылды.
Қонақтар әншінің шығармашылық жолы мен өмір жолы туралы кітап көрмесімен танысты.
Сақпанова Жанна, Анықтама және библиографиялық қызмет орталығының жетекшісі :
Біздің іс-шара Шығыс Қазақстан облыстық өнер мұражайымен бірлесіп өткізіліп отыр. Кездесуге қатысушылар ұлы әншінің өмір жолы туралы көптеген ақпараттармен таныс болды. Бүгін кітапхана оқырмандары республикалық байқаулардың лауреаты, Шығыс Қазақстан облыстық өнер мұражайының қызметкері Бибігүл Ахметованың шәкірті Перкова Гульнара Каирбековнамен, ШҚ облысы әкімінің симфониялық оркестрінің әншісі, республикалық байқаулардың лауреаты, «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері Нургожина Альмира Бекказыевна, «Ертіс-концерт» әншісі, Бибігүл Төлегенова атындағы 1-ші Халықаралық вокал байқауының дипломанты Айдар Алтаймен кездесті.
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған әлеуметтік #Abai175 челленджі туралы бәріңіз білесіздер. Күн сайын қатысушылар саны артып келеді. Халықаралық деңгейге көтерілген эстафетаны көптеген танымал адамдар, соның ішінде Бибігүл Төлегенова қолдаған болатын. Кездесу қонақтары әншінің керемет дауысын бейнежазбадан ести алды.
Давыдова Елена Юрьевна, кәсіби дайындық және сервис колледжінің оқытушысы:
Біз опера сахнасының аңызы Бибігүл Төлегенованың мерейтойына арналған әдеби-сазды кездесуге қатысқанымыз үшін өте қуаныштымыз Сахнада және өмірде біз сүйікті әншімізді, өзіне тән әсемдігімен, сұлулығымен көруге үйреніп қалдық. Ол талғампаздықтың үлгісіне айналды. Біздің аналарымыз бен әжелеріміз оның сәнді киімдері мен шаш үлгісін көшіруге тырысты. Сондықтан бүгінгі кездесуде біздің сервис колледжінің студенттері қонақтарға сол кездегі сән мен сұлулық әлемін көрсетіп, көйлектер мен шаш үлгісінен шоу дайындады.
Перкова Гүлнар, Бибігүл Төлегенованың шәкірті:
Мен Қазақстан мен әлемдік мәдениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосқан әйгілі әншіміз Бибігүл Төлегеновадан вокалдан сабақ алған бақытты жандардың бірімін. Мен үшін ол кісі ұлы талант пен еңбекқорлықтың символы. Бибігүл Ахметовнаның репертуарындағы «Наш милый доктор» комедиясындағы «Көктем вальсі» (1957), «Тақиялы періште» музыкалық комедиясынан «Ана» (1968) сүйікті әндерімді ұстазымды ризашылықпен еске ала отырып, көрермендерге шын жүректен ұсынамын.
Байланысшы : Ашкенова Жансая, тел.261 333, ішкі.119
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26341119
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы