homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВРухани жаңғыру: Станислав Черных - тарихшы, мұрағатшы, жазушы
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Рухани жаңғыру: Станислав Черных - тарихшы, мұрағатшы, жазушы

20 желтоқсанда кітапханада жазушы-өлкетанушы Станислав Черныхтың 85 жылдығына орай қаламгерді еске алу кеші өтті. Станислав Евгеньевич Черных - танымал өлкетанушы, Мұрағат ісінің үздігі, КСРО Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақ КСР мәдениетінің еңбек сіңірген қызметкері. Көп балалы майдангер отбасынан шыққан Станислав Евгеньевич ерте жастан-ақ еңбекке араласып, оның айрықша еңбекқорлығы кейіннен оған нағыз мұрағатшы, өлкетанумен әуестенген өзіндік жазушы болуға көмектесті.

Аталған кешке көрнекті жерлесіміздің достары, таныстары, тарихшылар мен журналистер, қаланың мұрағат, музей мен кітапхана қызметкерлері қатысты.
Ирина Дурново, тарихшы – мұрағатшы:
Патриот Станислав Черных өмірінің соңына дейін өзінің Отанына қызмет етіп, оның адамдарын ерекше сүйді. Оның ынтасы мен өлкетану ісіне берілгендігінің арқасында өлке тарихы мен адам тағдырларына қатысты тың зерттеулер жасалып, жарияланды.
Станислав Евгеньевичтің құжаттық шығармашылық мұрасы Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатында және Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатында мәңгі сақталады.
Қалиева Бақытгүл, кітапхананың анықтамалық және библиографиялық қызмет көрсету орталығының қызметкері:
Шығыс Қазақстан тарихын насихаттаушы С. Черных туған жеріне деген махаббатын паш етуден еш жалықпаған. Жазушы ортасы мен қызығушылығы қазіргі уақытқа дейін замандастарын таң қалдырады. Мұрағат мәліметтері негізінде Шығыс Қазақстан облысының тарихы бойынша 1000-нан астам мақала мен очерк жариялап, 200-ден астам радио бағдарлама, 300-ден астам телехабар дайындап, 30 мақаласы Қазақ Кеңес энциклопедиясына енген. Ол "Начало положила крепость", "Воспоминания о Павле Васильеве", "С берегов Иртыша", "Одна, но пламенная страсть", "Под небом Алтая" кітаптарының авторы. Оның кітаптары жерлестері арасында кеңінен танымал, ал "С берегов Иртыша" өлкетану жинағы КСРО ХШЖК-нің қола медаліне ие болды.
Құрметті оқырмандар, туған өлке тарихын насихаттаушы жерлесіміз Станислав Черныхтың кітаптарымен танысуға кітапханаға келіңіздер!

 

Байланысшы: Бақытгүл Қалиева, тел. 261333, 87011043060

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26333971
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102