homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВРухани жаңғыру: Шығыс Қазақстан жазушылары – балаларға
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Рухани жаңғыру: Шығыс Қазақстан жазушылары – балаларға

Бүгін 30 қаңтарда кітапханада Шығыс Қазақстан облысы жазушыларының балаларға арналған әңгімелер, ертегілер мен өлеңдер жинағынан құралған «Солнечный круг» жаңа кітабының тұсаукесері өтті.

Аталған кітап орыс тілі апталығы аясында өтіп, Қазақстан Халықтар Ассамблеясының 25 жылдығы мен «Звено Алтая» әдеби бірлестігінің 100 жылдық мерейтойына орай басылып шыққан.

Кітаптың салтанатты тұсаукесер рәсіміне қаланың көрнекті өкілдері, ақын-жазушылар, журналистер мен блогерлер, тәрбиешілер мен мұғалімдер, мәдениет қызметкерлері, сондай-ақ балалар әдебиетіне бейжай қарамайтын барша оқырман қатысты.

Әртүрлі жастағы балаларға, олардың ата-аналарына, мұғалімдері мен сынып жетекшілеріне арналған тамаша кітапта шығысқазақстандық 60-тан астам автордың шығармалары ұсынылған. "Солнечный круг" жинағы авторларының арасында республикадағы көрнекті прозаиктар, біздің жерлестеріміз – Марат Қабанбаев, Әлібек Асқаров, Шәрбәну Бейсенова, Борис Щербаковтың есімдері бар. Сондай-ақ, жинақта өлеңдері жарияланған Серік Ғабдуллин, Светлана Шувалова, Михаил Немцов, Климентий Первушин, Лариса Мартынованың шығармашылығымен де біз жақсы таныспыз. Кітапта балаларға арнаған шығармаларының қарапайымдығымен, шынайылығымен таң қалдыратын жаңа авторларды да кездестіруге болады.

«Солнечный круг» жинағының кіріспе сөзінде Ресей Жазушылар одағының мүшесі Нина Ершова кітап кейіпкерлерімен танысқандағы әсерлерімен бөлісті.
Сондай-ақ, жинаққа әріптесіміз А.С. Пушкин атындағы кітапхананың маманы, түрлі республикалық және шетелдік журнал мен газет беттерінде жиі жарияланып жүрген Яна Абдееваның «Истории из жизни медвежат-путешественников» атты фантастикалық ертегі-романы енген.
Талантты суретші Татьяна Орлованың керемет суреттері кітапқа ерекше сән беріп, авторлар жасаған кейіпкерлерді қабылдауға қосымша сүйкімділік береді. Жинақты құрастырушы - «Звено Алтая» әдеби бірлестігінің жетекшісі ақын Наталья Матвеева және редакциялық алқасының мүшелері Геннадий Пуссеп, Ирина Каланчина, Нина Ершова. Шығармаларды іріктеуде Елбасының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту», «Ұлы даланың 7 қыры» бағдарламалық мақалалары негізге алынған.

Балалар оқу залының кішкентай оқырмандары авторлардың өлеңдерін оқып, күншығыс ертегілер елі туралы театрландырылған қойылым ұсынды.

kniga 1 1 kniga 1 5 kniga 1 7 kniga 1 4 kniga 1 9 

 


Байланысшы: Ашкенова Жансая
Байланыс тел.: 26-13-33

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26332683
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102