Заман талабына сай кітапханадағы жаңа үйірме
- Толығырақ
- Құрылды 31.01.2020 17:38
Ағылшындар: «Егер балаңызды жақсы білім алсын десеңіз, оны ең бірінші жақсы кітапханаға апарыңыз» - дейді.
Ия, кітапхана баланың рухани дамуына мүмкіндік беретін ерекше орын екені рас. Қазіргі заманауи кітапханаларда тек кітап оқып қана қоймай, баланың қабілеті мен ерекшелігіне сай әр түрлі үйірмелерде жұмыс жасайды.
Өзімізге болашақ оқырмандарды тәрбиелеу мен балалардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында және көптеген ата-аналардың сұранысы бойынша кітапхана қабырғасында «Мен мектепке дайынмын» атты қазақ, орыс тілдеріндегі жаңа үйірме ашылды. Үйірмеде алғашқы әліпбиді танытып, балаларды мектепке қосымша дайындайды.
Балалар үйірмеде алған білімдерін кітапханадан өз жас ерекшеліктеріне сай кітаптарды оқу арқылы толықтырып отырады.
Ата-аналарға балалармен қалай жұмыс жасау керектігі, осы жастағы балаларға қалай және қандай әдебиеттерді оқуға болатыны жайлы үнемі ұсыныстар мен ақыл-кеңестер беріліп отырылады.
Үйірменің алғашқы тобына 22 бала қатысса, қазіргі топта 26 бала білім алуда.
Осы үйірменің нәтижесінде:
- Балалардың кітап оқуға деген ынталары артты;
- Логикалық, танымдық ойлау қабілеттері шыңдалды;
- Қол моторикасы дами түсті;
- Сөздік қорлары артты;
- Әріптерді танып, оқу мен санауды үйренді;
- Әлеуметтік ортаға бейімделді (басқа балалармен қарым-қатынасқа жеңіл түсе бастады);
- Сабақ үлгерімдері жақсарды;
- Жаңа оқырмандардың қатары толықты (балалар мен ата-аналары).
Оны ата-аналардың кітапхана ұжымына айтқан алғыстарынан да байқауға болады.
Байланысшы: Нургалымова Г.З.
| |
|
|
|
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26339783
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы