Ел тарихының парақтары: Қазақ хандығына 555 жыл
- Толығырақ
- Құрылды 01.02.2020 17:25
7 ақпан күні, сағат 15.00-де А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының акт залында тарих ғылымдарының докторы, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың профессоры Игибаев Советхан Кабдуалиевич, «Нұр Отан» партиясы ШҚ облыстық филиалы төрағасының орынбасары Чугунков Олег Василевич, қоғам қайраткері, мәдениет, спорт, туризм, ақпарат қызметкерлері кәсіподағының ШҚ облыстық филиалының төрағасы Түсіпбеков Түсіпхан Түсіпбекұлы, «Шығыс-Ақпарат» медиа-холдингінің басшысы Бекенов Нұрбек Мұхаметқалиұлы және қала жұртшылығының, жазушылар мен тарихшылардың қатысуымен Қазақ хандығының 555 жылдығына арналған «Қазақстанның тарихи ғұмырнамасы» атты кітап көрмесі ашылады.
Әлемнің жетекші мұрағаттарынан Қазақстан тарихы туралы құжаттарды жинауға және зерделеуге мүмкіндік берген «Халық Тарихы толқынында» бағдарламасының арқасында еліміздің шынайы мемлекеттілігі 1465 жылдан, яғни Қазақ хандығы құрылған кезеңнен басталғаны анықталды. Тарихшылардың қолдауымен А.С.Пушкин атындағы кітапхана мамандары ұйымдастырған көрмеде қазақ мемлекеттілігінің басталуы тақырыбын ашатын кітаптар, зерттеулер мен ғылыми жұмыстарды таңдап, ұсынды.
Ежелгі дәуірдегі Қазақстан территориясы туралы 2013 жылы Алматыда тарих ғылымдарының докторы З. Самашевтың редакциясымен үш тілде жарық көрген тарих ғылымдарының докторы, профессор А.Төлеубаевтың «Қазақстан археологиясының қола және ерте темір дәуірі мәселелері» монографиясында ашып көрсетілген. Кітап Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының аумағында орналасқан Шілікті археологиялық кешенінің көпжылдық зерттеулерінің нәтижесі. Осы тақырыптың жалғасы ретінде қазақ-корей бірлескен «Қазақ даласы әміршілерінің алтыны», ерекше каталогы ұсынылған. Аталған еңбекте Қазақстанның ерте тас дәуірі «тас обалары» сонымен қатар Ұлы Жібек жолындағы мәдениеттердің өзара қарым-қатынасы мәселелері және Қазақстанның кең байтақ территориясын мекен еткен сақ және сарматтардың зергерлік өнерінің ежелгі Корея мәдениетіне ықпалы қарастырылған.
«История казахской государственности: древность и средневековье» (Алматы, 2007), «Хранители великой Степи» («Тау-Кайнар»,2016) кітаптары ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстандағы мемлекеттіліктің дамуындағы тарихи сабақтастық тақырыбын ашады. Ұсынылған әдебиеттерде қазақ хандығының мемлекеттік-саяси институттарының бұрынғы саяси бірлестіктермен байланысы көрсетілген.
Қазақ мемлекетінің құрылу тарихында жарқын із қалдырған Б. Карибаевтың он жеті билеуші туралы «Казахские ханы» кітабы оқырмандардың үлкен қызығушылығын тудырары сөзсіз.
«Алаш» көсемдерінің тағдыры, олардың шынайылығы, қайсарлығы, Ұлы Отан соғысының батырлары және қазіргі заман азаматтарының ерлігі туралы ақпараттарды көрмеден табуға болады.
Келесі кітаптар топтамасы біздің елімізді тәуелсіз, әлемдік қоғамдастық мойындаған мықты, бәсекеге қабілетті мемлекет ретінде көрсетеді: «История становления независимости Казахстана» (Таймас, 2008), «Тәуелсіздік Қазақстан: күннен күнге» (Раритет, 2011), Г.Есим «Философия независимости» (Алматы, 2011), Н.Назарбаев «Тәуелсіздік дәуірі».
Көрмеден оқырмандар И. Калашниковтың XII ғасырдың аяғы - XIII ғасырдың басындағы Тимучин - Шыңғыс ханның өмір тарихын баяндайтын «Жестокий век» романын да таба алады. Сондай-ақ, XV ғасырдан XIX ғасырдың ортасына дейін Темір империясы құлағаннан кейін қазақ тайпаларының бірігу кезеңінде қазақ халқының тарихын қайта жаңғыртқан І. Есенберлиннің әйгілі «Көшпенділер» трилогиясы да оқырманға қызық болары сөзсіз.
Көрмемен танысқаннан кейін барлық тілек білдіруші қонақтар дәріс тыңдап, тарихи блиц тестілеуден өтіп, латын қарпінде тақырыптық диктант жазуға шақырылады. Баршаңызды тарихтың жаңа парақтарын ашып, «өткенге көз салып, болашақты түсінуге» шақырамыз.
Байланыс тел: 26-13-33 (119)
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26338783
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы