homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВРухани жаңғыру: Ақын Қалқаман Сариннің жаңа кітабының тұсаукесері
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Рухани жаңғыру: Ақын Қалқаман Сариннің жаңа кітабының тұсаукесері

21 ақпан күні А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Шабыт» фестивалінің, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, «Алтын қалам», «Туған тілім – тұғырым» әдеби сайыстарының жеңімпазы Қалқаман Сариннің «Екеуіміз...» атты жаңа өлеңдер жинағының тұсаукесері өтті.

Ақынмен кездесу сұхбат түрінде өтіп, шара барысында автор өзінің жаңа өлеңдерін оқып, қонақтардың сұрақтарына жауап берді. 

Автор жастар арасында «Қазақстан» телеарнасындағы «Жайдарман» КВН-ның қазылар алқасының мүшесі және «Астана» телеарнасындағы «Кеш емес» бағдарламасының жүргізушісі ретінде белгілі, әрі ақынның өлеңдеріне жазылған көптеген әндерді қазақ эстрадасының жұлдызы Мейрамбек Беспаев орындайтынын да айта кеткен жөн.

Жерлесіміз Қалқаман Айымғазыұлы «Арманымның бейнесі», «Құс жолындағы керуен» өлеңдер жинағының, «Қызыма», «Күзгі бақ», «Жібек сезім» ән мәтіндерінің, «Жібек сезім – Жүрек сөзім» үнтаспа жинағының авторы.

Гульбаршын Абылгазинова, библиограф:
Қалқаман Сариннің ақындық қабілеті оның републикалық поэтикалық байқауларға ұсынған алғашқы шығармаларынан-ақ бағаланған. ҚР Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Қорының әдебиет және поэзия саласындағы беделді сыйлығына 73 үміткердің ішінен отандық мәдениет пен өнерге қосқан қомақты үлесі үшін талантты жас ақын Қалқаман Сарин топ жарды.

Оқырман жүрегінен орын ала білген қаламгердің шығармалары әр жастағы жыр сүйер қауымның арасында кеңінен танымал. Ақын «Екеуіміз...» атты жаңа жинағында қазақтың қара өлеңін өзіндік бояумен өрнектеп, ерекше реңк берген. Ақынның жаңа жинағы кітапхана сөресінен лайықты орын алып, оқырманын күтуде!

Фотосуреттерді фейсбуктегі парақшамыздан көре аласыздар  https://www.facebook.com/groups/pushkinlibrary.kz/?fref=nf

Байланысшы:Ашкенова Ж., тел. 261333 (119)

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26344816
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102