Журналист, жазушы Зира Наурызбаевамен онлайн кездесу
- Толығырақ
- Құрылды 15.04.2020 14:11
2020 ж. 15 сәуір күні, сағат 15.00-де мəдениеттанушы, журналист, жазушы, философия ғылымдарының кандидаты, аудармашы, киносценарист Наурызбаева Зира Жетібаевнамен жеке фейсбук парақшасы (Фейсбук @Зира Наурызбаева) арқылы тікелей эфирде сұхбат жүргізіледі.
Зира Наурызбаева – қазақ мәдениеті, мифология және дәстүрлі музыкасына арналған Otuken.kz сайтының модераторы. Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында «Рух-Мирас» мәдениеттану альманағының бас редакторы, «Классика» радиосындағы Қазақстанның музыка өнері туралы «Тылсым перне» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі қызметтерін атқарды. Осы бағдарламасы үшін «Алтын адам – 2014» ұлттық сыйлығының лауреаты атанды. Жазушының «Қазақтардың Мәңгілік Аспаны» атты жинағы Меломан кітап желісінің нұсқасы бойынша Қазақстанның үздік ондығына енді.
«Төрт бұлттар» кітабы 2018 жылы тәуелсіз кітап ретінде «Алтын қалам» сыйлығының «Кітап лайк» номинациясын жеңіп алса, «Бәсекелес» хикаясына осы аттас толықметражды көркем фильм түсіріліп, өткен жылы АҚШ өткен «Best Asian Short Stories-2019» халықаралық байқауының лауреаты атанды.
Соңғы жарық көрген кітабы – жазушы Лилия Калауспен бірігіп жазған «Бату мен оның Барсакелмес еліндегі достарының оқиғалары» шығармасы. Кітап «Меломан» кітап дүкені желісі бойынша Қазақстанның бестселлерлерінің алғашқы ондығына кірген. Шығарманы тек 8-12 жас аралығындағы оқушылар ғана емес, сонымен бірге олардың ата-аналары мен ата-әжелері де сүйіп оқиды.
Тікелей эфир барысында авторға сұрақтар қойып, танымды да қызықты сұхбат өрбітуге болады.
Автор шығармашылығымен http://otuken.kz/topics/zira1/aboutziracat/ сілтемесі арқылы толық танысуға аласыздар.
Баршаңызды Зира Наурызбаевамен онлайн кездесуге шақырамыз!
Байланысшы: Құдайбергенова Н. Қ.
87055412525
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26337073
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы