Ақын Ақберен Елгезекпен онлайн кездесу
- Толығырақ
- Құрылды 27.04.2020 10:10
28.04 күні сағат 15.00-де А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының бірінші орынбасары, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының, Қазақстан Жастар одағының «Серпер» және «Алтын қалам» ұлттық сыйлықтарының лауреаты. «Семсер» ұлттық әдеби байқауының Гран-При иегері. Халықаралық Махмұд Қашқари, республикалық Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтардың лауреаты, көптеген республикалық мүшәйралардың жүлдегері, жерлесіміз, ақын Ақберен Елгезекпен Фейсбук парақшасында Facebook @AkberenElgezek онлайн кездесу өтеді.
Ақберен Елгезек 1980 жылы дүниеге келген. Семей облысы Шұбартау ауданы Мәдениет ауылында Е.Рахмадиев атындағы орта мектепті бітірген. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің тарих факультетінің түлегі. Қазақстан және Ресей Жазушылар одағының мүшесі. «Қазақ әдебиетін қолдау» қоғамдық қорының жетекшісі. «Кентавр» ұлттық әдеби апталығының негізін қалаушы.
Қаламгердің «Көлеңкелер күбірі», «Ғаршы», «Шексіздік сыртындағы шам», «Fantasmagoria» (түрік тілінде) атты жыр жинақтары мен «Болмаған балалық шақ» атты повесі жарық көрген.
Ақберен – талантты аудармашы. Иван Бунин, Дмитрий Мережковский, Варлам Шаламов, Владимир Высоцкий, Гийом Аполлинер шығармаларын қазақ тіліне тәржімалаған. Ақынның өлеңдері ағылшын, француз, қытай, араб, орыс, испан, итальян, түрік, әзірбайжан, қырғыз, өзбек, ұйғыр тілдеріне аударылып, көптеген антологияларға енген.
Қазіргі қазақ поэзиясы әлеміне ерекше өрнек, бөлек ой алып келген Ақберен Елгезектің шығармашылығына терең бойлағыңыз келсе, онлайн кездесуге қатысыңыз!
Байланыс телефоны: Ашкенова Жансая
87076405870
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26338216
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы