Карикатурашы-суретші, публицист, ҚР Мәдениет қайраткері Еркін Нұразханмен онлайн кездесу
- Толығырақ
- Құрылды 27.04.2020 22:43
29 сәуір күні сағат 15.00 де А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен карикатурашы-суретші, публицист, ҚР Мәдениет қайраткері Еркін Нұразханмен https://www.facebook.com әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында онлайн кездесу өтеді.
ҚР Журналистер және Суретшілер одағының мүшесі, Еркін Нұразхан – 1953 жылы 17 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Жаңғызтал ауылында дүниеге келген.
Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін, Т. Жүргенов атындағы Алматы мемлекеттік театр және көркемсурет институтының көркемсурет факультетін тәмамдаған.
Еркін Нұразхан еліміздегі карикатура және шарж жанрының дамуына ерен үлес қосты. Қазіргі таңда автордың 1000 аса еңбектері бар, оның 300-ін ҚР Орталық Мемлекеттік мұражайы қорына сыйға тартқан. Оның шығармаларының арасында Иманғали Тасмағамбетов, Мұхтара Шаханов, Роза Рымбаева, Болат Аюханов және басқа да белгілі тұлғаларға арналған достық шарждар бар. ҚР Тұңғыш Президенті мұражайынан Еркін Нұразханның Б. Ельцин, А. Лукашенко және еліміздің Парламент депутаттарына арналған 44 шаржы орын алған. Сонымен бірге еңбектері Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында, Шығыс Қазақстан этнографиялық мұражайында (Өскемен қ.), Невзоровтар әулеті атындағы Шығыс Қазақстан бейнелеу өнері мұражайында (Семей қ.), Тарбағатай аудандық тарихи мұражайында (Ақсуат ауылы), О. Бөкейдің әдеби-мемориалдық мұражайында (Шыңғыстай ауылы) сақталуда. Сонымен қатар, кездесу кейіпкері «Ұлт және руханият» мақалалар жинағының авторы.
Баршаңызды салиқалы сұхбат құруға шақырамыз!
Байланысшы: Нұргүл Құдайбергенова , тел.: 87055412525
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26337073
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы