Ербол Бейілханмен тікелей эфир
- Толығырақ
- Құрылды 29.04.2020 11:19
30 сәуір күні сағат 20.00-де Фейсбук әлеуметтік желісіндегі https://www.facebook.com/profile.php?id=100001138869649 парақшасында ақын Ербол Бейілханмен тікелей эфир өтеді.
Ербол Бейілхан Моңғолияның Баян-Өлгей аймағының Үш Ойғыр елді мекенінде дүниеге келген. 1993-1998 жылдары Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік Университетінің филология факультетін тәмамдап, білімін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде жалғастырып, магистр дәрежесі алған.
Ербол Бейілхан «Алтын Қазына» қоғамдық бірлестігінің төрағасы. Халықаралық Жазушылар Одағының мүшесі, Халықаралық поэзия академиясының академигі. Бірнеше республикалық және халықаралық жыр сайыстарының жүлдегері. Проза саласында да қалам тербеп, бірқатар әңгімелер жазған. «Әжімсіз жүрек…», «Маралоты», «Мәжнүнтал» қатарлы кітаптары, «Біз екеуміз» атты дискісі жарық көрген. «Жас толқын», «Бай бесік тұмалары», «Астана-жыршуағым», «Тәуелсіздіктің нұрлы таңы» жыр жинақтарына шығармалары енген. Өлеңдері бірнеше тілдерге аударылған.
Ербол Бейілхан өз жырларында дала мінезін, ұлттық таным, келбет, рухты барынша қанық бояумен өрнектейтін поэзия шебері.
Ақынмен бірге болыңыздар!
Байланысшы: Әскерхан Ақтай 8 701 183 00 84
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26336581
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы