homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВАқын Бауыржан Қарағызұлымен онлайн сұхбат
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Ақын Бауыржан Қарағызұлымен онлайн сұхбат

2020 ж. 4 мамыр күні сағат 19.30-де А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен #BizBirgemiz акциясы аясында инстаграм желісіндегі https://instagram.com/bauyrzhan_karagyzuly?igshid=12tn35p5ktncc парақшасында белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің екі мәрте лауреаты және гран-при жүлдесінің иегері Бауыржан Қарағызұлымен онлайн сұхбат өтеді.

Бауыржан Қарағызұлы «Жұмбақтасқа жауған күз», «Өң.Мен.Түс.», «Жүрек кітабы», «Топырық демі» атты жыр кітаптарының авторы. Өлеңдері «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми (ағылшын, араб, испан, қытай, орыс, француз) 6 тіліне аударылған.
Автор Республикалық "Алаш үні" газетінде тілші, Елордалық "Астана" журналында бас редактордың орынбасары, Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасында "Кітап патшалығы" журналы бас редакторының орынбасары, Көкшетау қаласындағы "Ақпараттық кітапхана жүйесі" Мемлекеттік мекемесінде директор; "Қазконтент" АҚ "Әдебиет порталының" жетекшісі; "Мәдениет порталының" бас директоры; Қазақстан Жазушылар одағы Астана қаласы филиалының директоры; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанынан құрылған Жас ақын-жазушылар кеңесінің хатшысы; ҚР Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі қатарлы бірқатар мемлекеттік және шығармашылық ұйымдарда қызмет атқарған.
Өлеңдері өзгеше нақышпен жаңашыл сарында жазылған Бауыржан Қарағызұлының шығармалары жайлы бүгінде бірқатар әдебиет сыншылары мақалалар жазып, зерттеу жұмыстарына арқау етуде.
Әдебиетсүйер қауымды ерекше стильмен жазылған ақын өлеңдерін тыңдап, салиқалы сұхбат құруға шақырамыз!

Байланысшы: Аскерхан Ақтай 8701183 00 84

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26335748
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102