Ақын Бақытгүл Бабашпен онлайн сұхбат
- Толығырақ
- Құрылды 04.05.2020 17:08
2020 ж. 5 мамыр күні сағат 18.00-де А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен #BizBirgemiz акциясы аясында инстаграм әлеуметтік желісінде https://instagram.com/baqytgulbabash?igshid=1sifjoo8w331w baqytgulbabash парақшасында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің гран-при иегері, Халықаралық, республикалық мүшәйралардың жүлдегері. «Алтын қалам», «Үркер-Үміт» әдеби байқауларының жүлдегері, сыршыл ақын, қаламы қарымды журналист Бақытгүл Бабашпен онлайн сұхбат өтеді.
Бақытгүл Бабаш 1981 жылы Атырау облысы, Құрманғазы ауданында дүниеге келген. Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің гуманитарлық факультетін, аспирантурасын тәмамдаған. Қазіргі күні Атырау қаласында тұрады.
Бақытгүлдің нəзіктікке толы өлеңдерінде қазақ қызының арман-аңсары, үміт-сенімі, қылаусыз сезімі əдемі өрнектелген. Сайын даланың самал желіндей сағыныш симфониясын сезіндіретін өлеңдері мен балладалары оқырманын поэзия патшалығына жетелеп, сөз құдіретін ұғындыруымен құнды.
Бақытгүл шығармашылығының негізі – махаббат тақырыбы. Әйелдің ашылмайтын құпия махаббатының жұмбағын, тылсымын жырға қосады. Өлеңдері шынайылығымен, мөлдірлігімен маңызды.
Баршаңызды лирик ақынның сыршыл өлеңдерін тыңдап, әдемі сұхбат құруға шақырамыз!
Байланысшы: Аскерхан Ақтай 8701183 00 84
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26332766
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы