Ақын Саят Қамшыгермен онлайн кездесу
- Толығырақ
- Құрылды 10.05.2020 17:51
12 мамыр күні сағат 15.00-де А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен ақын-жерлесіміз Саят Қамшыгермен Фейсбук желісіндегі @Саят Қамшыгер парақшасында онлайн кездесу өтеді.
Саят Қамшыгер 1978 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Кезеңсу ауылында дүниеге келген. Абай атындағы ҚазҰПУ-дің қазақ филологиясы факультетін үздік аяқтап, әр жылдары Алматы қаласындағы М. Базарбаев атындағы №138 гимназияда ұстаз, қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын республикалық мектеп-интернатта оқытушы, «Қайнар» университетінде аға оқытушы, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасында әдеби кеңесші қызметтерін атқарды. Қазіргі таңда жас зиялыларға арналған «Мөлдір бұлақ» танымдық журналының бас редакторы.
Ақын алғашқы өлеңін 9 сыныпта оқып жүргенде жазған. Кейін өлеңдері «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы», «Жас толқын» жинақтарына, Мәскеуде жарық көрген «Қазақ поэзиясы» антологиясына, «Казахстан-Россия» альманах-кітабына, «Жыр-жауһар» атты 10 томдық поэзия антологиясына енген. «Сары гүл», «Жүректегі ағыстар» атты жыр жинақтары, балаларға арналған «Менің алғашқы кітабым», «Менің сүйікті әліппем», «Менің алғашқы танымым» атты кітаптары жарық көрген.
Саят Қамшыгер аударма саласында да елеулі еңбек етіп келеді. Тәжік ақындары М. Каноат, Б. Сабирдің, түрік ақыны Н. Генч, А. Акбаштың, әзірбайжан ақындары И. Ильяслы мен Ә. Қошалының, У. Буньятзаденің, татар ақыны Л. Шаехтың, қырғыз ақындары А. Акбаров, Т. Нурманбетов т.б. өлеңдерін, татар жазушысы Р. Зайдулланың әңгімелерін қазақ тіліне тәржімалаған.
Саят ақын «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Көптеген Халықаралық жыр мүшәйраларының жеңімпазы. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.
Ақынның көптеген өлеңдеріне әндер жазылып, оларды елімізге белгілі өнер иелері орындап жүр.
Баршаңызды ақынмен кездесіп, әдемі өлең тыңдап, салиқалы сұхбат құруға шақырамыз!
Байланысшы: Сақыбаева Ш.Н.
87758117381
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26348853
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы