Дәстүрлі әнші Аян Садуақасовпен онлайн кездесу
- Толығырақ
- Құрылды 24.05.2020 01:59
27 мамыр күні сағат 15.00-де А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен Тарбағатай ауданындағы Ақжар мәдениет үйінің дәстүрлі әншісі Садуақасов Аянмен Фейсбук парақшасында онлайн кездесу өтеді.
Садуақасов Аян 1979 жылы Тарбағатай ауданы, Ахмет-бұлақ ауылында дүниеге келген. Алматы қаласындағы Ж. Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінің халық әні бөлімін, кейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Халық музыкасы» факультетін тәмамдаған.
Неше дүркін республикалық байқаулардың жүлдегері Қазақстан Республикасы «Оқу ісінің үздігі» Төрткен Кененқызынан білім алып, еліміздің Еңбек сіңірген әртісі Ержан Қосбармақовтан тәлім алған. Колледжде оқып жүріп Республикалық дәстүрлі әншілер конкурсының дипломанты атанды. Сонымен қатар Кенен Әзірбаев және Әсет Найманбаев атындағы конкурстардың дипломанты, «Шырқа дауысым» конкурсының лауреаты, Түркі музыкасы фестивалінің Гран-при иегері.
Қазіргі уақытта Тарбағатай ауданындағы Ақжар мәдениет үйінде қызмет атқарады. Сонымен қатар Мәдениет үйі жанындағы халықтық ұжымдардың шығармашылық дамуына зор үлесін қосып жүр.
Баршаңызды дәстүрлі әншімен тікелей эфирге қатысуға шақырамыз!
Байланысшы: Нұргүл Темешева, тел. 87775794419
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26351480
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы