homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВХХІ ғасыр балалары – жазушы көзімен
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

ХХІ ғасыр балалары – жазушы көзімен

2020 жыл 29 мамыр сағ. 15.00-де, яғни Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы заманауи ресейлік балалар жазушысы Нина Дашевскаямен, оның Facebook-тегі парақшасында кездесу өткізеді. Крапивин сыйлығының лауреаты, «Заманауи балалар әдебиеті», «Книгуру» әдеби конкурстарының жеңімпазы Нина Сергеевна 1979 жылы 23 мамырда Тверь қаласында дүниеге келген. Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясын тәмамдап, Ресейдің камералық оркестрі мен Наталья Сац атындағы балалар музыкалық театрының оркестрінде жұмыс істеген.

Балалар жазушысы Н. Дашевская 2009 жылы «Паровоз, который хотел играть на скрипке» ертегісі «Кукумбер» журналында басылып шыққан кезде алғаш рет сыннан өткен. 2011 жылы Нинаның «Семь невысоких гномов» атты алғашқы кітабы жарық көреді. Нина Дашевская кітаптарының басты тақырыбы - музыка. Жазушы сондай-ақ, жалғыздық, достық туралы көп пайымдайды.: «Скрипки неизвестного мастера» жарияланған соң, көптеген кішкентай оқырмандар өздерінің жылы лебіздерін білдірген. Н. Дашевская қазіргі балалар қосымша сабақтармен қатты жүктелген, тіпті бір-бірімен жай ғана сөйлесуге де мүмкіндіктері бола бермейді деп санайды.
Нина Сергеевнаның шығармаларында жағымсыз кейіпкерлер жоқ. Ол өзінің берген сұхбаттарында «мүлдем жаман адамдар болмайды, сондықтан мен әр адамды өзінше жақсы жағынан көрсеткім келеді» деген. Жазушы ойынша, адамның көтеріңкі көңіл-күймен жүруіне әрқашан себеп табуға болады.
Бүгінгі күні Нина Дашевскаяның келесі шығармалары жарық көрді: «Около музыки», «Вилли», «День числа Пи, «Вивальди. Времена года. Музыкальная история», «Я не тормоз», «Второй», «Скрипка неизвестного мастера», «Тео, театральный капитан». Қаламгердің жасөспірімдерге арналған «Около музыки» әңгімелер жинағы мен «Вилли» повесі әдеби конкурстардың лауреаты әрі жүлделі орындарды иеленген.
Барлық балалар мен ата-аналарды, мұғалімдер мен кітапханашыларды және балалар әдебиетіне жақын барша кітапқұмарларды 29 мамыр сағ.15.00-де жазушы Нина Дашевскаямен өтетін онлайн кездесуге шақырамыз.

Байланысшы: Рахимбаева Бахтылы, тел. +77051730771

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26342792
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102