«Геннадий Пуссеп – Шығыс Қазақстан мәдениетінің жылнамашысы»: ақын әрі кітап шығарушымен онлайн кездесу
- Толығырақ
- Құрылды 11.06.2020 14:58
18 маусым 2020 жылы сағ. 15.00-де А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының Facebook парақшасында жазушы әрі кітап шығарушы, ҚР Журналистер одағының мүшесі, Ресей Жазушылар одағының мүшесі Пуссеп Геннадий Николаевичпен тікелей эфир өтеді. Ерекше шығармашылық және ұйымдастырушылық қабілет иесі тікелей эфир барысында өзі туралы және жергілікті авторлардың шығармаларында көрініс тапқан өңірдің жетістіктері туралы баяндайды.
Сондай-ақ, «Курдаков оқулары», «Чистяков оқулары», «Ғабдуллин оқулары», «Абай оқулары», «Гребенщиков оқулары» атты дәстүрлі облыстық байқаулар мен әдеби оқуларды ұйымдастырушы әрі жүргізушілердің бірі ретінде шығармашылық жоспарларымен бөліседі.
Геннадий Николаевич 1945 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген. Осындағы Педагогикалық институттың филология факультетін аяқтап, мұғалім, металлург, бірқатар кәсіпорындардың кадр қызметінің жетекшісі, № 19 мектептің директоры болып жұмыс істеген. Геннадий Николаевичтің шығармашылық бастамасы облыстық теледидар мен радиода, содан кейін «Разные и равные» газетінің редакциясына және өнер мұражайының әдеби-музыкалық бөліміне дикторлық жұмысқа әкелді.
10-нан астам поэтикалық жинақтың авторы, оның ішінде «Прошлое всегда будет», «Лучшие годы», «Месяц надежды», «Поезд набирает скорость», «В новый век мы вошли вместе» очерк пен әңгімелер жинағының, «Почётные граждане Усть-Каменогорска» анықтама кітабын құрастырушы, «На Верхнем Иртыше», «Эта наша с тобою судьба» кітаптарын бірлесіп шығарған. Геннадий Пуссеп бүгінгі күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жастарды тәрбиелеу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.
Өскемен қаласының құрметті азаматтарының «Менің қалам» қоғамдық қорының директоры және ШҚО қоғамдық кеңесі жанындағы Рухани келісім бойынша сараптамалық жұмыс тобының жетекшісі, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы және ҚАЕУ құрметті профессоры ретінде үлкен қоғамдық жұмысты қазіргі уақытта Пуссеп Г.Н. «ВостокПечать» баспасы директорының орынбасары лауазымымен қоса атқарады.
Геннадий Николаевичтің шығармашылық қоржынында Шығыс Қазақстан жазушылар мен ақындарының 30-дан астам кітаптарын, қала мен облыстың танымал адамдары туралы жүзден астам очерктер, «Проба пера» студиясының басшылығы, жергілікті студиялардың 50-ден астам деректі фильмдеріндегі дикторлық жұмыс, ән байқауларындағы жеңістер, көптеген танымал әндердің өлеңдері бар, олардың қатарында «Иртышские волны», «Согринская лирическая», «Песня о Рахманах» бар.
Қаланың және облыстың қоғамдық өміріне белсенді қатысып, аймақтың үздік адамдарын ұлықтауға қосқан үлесі үшін Г. Н. Пуссеп Қазақстан халқының бірлігін нығайтудағы еңбегі үшін ондаған диплом, грамоталармен және Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» Алтын медалiмен марапатталған.
17 маусым сағат 15.00-де жазушы, өз Отанының патриоты, талантты да ерекше тұлғамен онлайн кездесуге шақырамыз.
Байланысшы: Кемешева Меруерт Нигметолдановна, 87052819343
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26053090
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы