«Абай генеалогиясы: өмірі, қызметі және трагедиясы» еске алу лекциясы
- Толығырақ
- Құрылды 22.06.2020 09:16
22 маусым күні А.С. Пушкин атындағы кітапхананың ұйымдастыруымен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің PhD докторанты, әдебиеттанушы Заңғар Кәрімханмен @Заңғар Кәрімхан Фейсбук парақшасында онлайн-еске алу лекциясы өтті.
Кездесу күні кездейсоқ таңдалмаған: ескі жыл санау бойынша 23 маусым – Абай Құнанбайұлының қайтыс болған күні.
Жас ғалым Заңғар Кәрімхан біздің жерлесіміз, Тарбағатай ауданының тумасы. "Қазақстан тарихы" порталының шығарушы редакторы болып қызмет атқарған. "Алаш" қозғалысын зерттеумен, абайтанумен айналысады. Абай, қазақ халқының көрнекті ойшылы ретінде, бүгінгі жастар үшін жолнұсқаушыға айналып, "Атаның баласы болма, адамның баласы бол", "Адамды адам қылатын ақыл, ғылым, тәрбие " деген өсиет қалдырды. Абайдың әр шығармасы халқына деген терең сүйіспеншілік пен елінің тағдыры үшін алаңдаушылық сезіміне толы.
Ұлы ақын өзінің шығармашылығымен және қызметімен өзінен кейінгі Қазақстанның зиялы қауымының белгілі өкілдері – "Алаш" партиясының көшбасшыларының идеялары мен ұстанымдарын болжай алды. Алаш зиялыларының өзі ұлттық сана-сезімді ояту мен халықты ғылым-білімге тарту, ұлттық саяси және құқықтық мәдениетті одан әрі дамыту тарихи эстафетасын алдыңғы кезеңнің ұлы ағартушыларынан қабылдаған болатын.
Байланыс тел.: 26-13-33 (119)
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26057864
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы