"Айтмұхамбет Қасымов- әмбебап журналист"
- Толығырақ
- Құрылды 24.06.2020 08:44
25 маусым 2020 жылы сағ. 15.00-де А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында жазушы, журналист, ҚР Журналистер одағының, Жазушылар одағының мүшесі Айтмұхамбет Қасымовпен онлайн кездесу өтеді.
Біздің бүгінгі қонағымыз 2020 жылдың мерейтой иесі. Бірнеше күннен кейін, яғни 29 маусымда Айтмұхамбет Қасымов 70 жасқа толады. Ұлан ауданы Аюды селосының тумасы Айтмұхамбет ағамыз ауыл мұғалімінен Қазақстан Республикасының Құрметті журналисі дәрежесіне жетті.
Айтмұхамбет Қасымовтың негізгі еңбек жолы облыстық «Дидар» газетімен (1977-2013) байланысты. «Алтайдан ұшқан ақиық» (1999), «Арулар әлемі» (2000), «Үміт патшалығына саяхат» (2003), «Қызыл қырғынның құрбаны» (2004), «Қазақ халқының тұңғыш әскери ұшқышы Жақыпбек Малдыбаев» (2007), «Тарихи жол» (2006) сияқты деректі кітаптар мен ғылыми ізденістердің авторы. Ағылшын журналисі Дэвид Рэндаллдың «Әмбебап журналист» кітабын қазақшаға аударып, Қазақстанда болған 1916 жылғы ұлты- азаттық көтеріліске қатысушы тайынтылық жерлестері туралы «Орай шап»атты тарихи (2016) тақырыпты қаузаған.
2019 жылы «Абай әлемі» әдеби жобасы аясында «Туған жер әуендері» атты жинағы жарық көрді.
2020 жылы «Шығыс Полиграф» баспасынан соңғы жылдары жазылған мақалалары, журналистік талдаулары, естеліктері «Жол үстіндемін» деген атпен басылып шықты.
Автордың қай еңбегін алып қарасаңыз да өлке тарихынан сыр шертіп, аға ұрпақ өкілдерінің ғұмыр –тіршіліктерін, ертеңгі күнге деген сенімін сөз етеді.
Жетпіс жастың желкесіне жеткен ардагер журналист өз ойларымен, өмірден түйген, көрген-білген оқиғаларымен бөліседі.
Байланысшы: Слямова З.М.
Тел: 8 705 529 91 57
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26338862
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы