Жазушы, кинодраматург, күйші, домбырашы-сазгер Таласбек Әсемқұловтың жары, мәдениеттанушы, мифолог Зира Наурзбаевамен онлайн кездесу.
- Толығырақ
- Құрылды 01.07.2020 10:53
3 шілде күні кітапхананың ұйымдастыруымен мәдениеттанушы, мифолог Зира Наурзбаевамен (https://www.facebook.com/people/Зира-Наурзбаева/100000571768189 желісіндегі жеке парақшасынан) Таласбек Әсемқұловтың өмірі мен шығамашылығы жайлы онлайн кездесу өтті.
Таласбек Әсемқұлов - Жазушы, кинодраматург, күйші, домбырашы-сазгер.
1955 жылы 1 тамызда Семей облысы Аякөз ауданы «Ақтоғай» теміржол стансасында дүниеге келген. 1976-80 ж.ж. – Алматы қаласы, Абай атындағы педагогикаинституты филология факультетінде оқыған.
1980-83 ж.ж. – Ықылас Дүкенұлы атындағы Ұлт аспаптар музейінің ғылыми қызметкері.
1984-87 ж.ж. – Республикалық «Жазушы» баспасында әдеби редактор.
1987-98 ж.ж. – Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы фольклор кабинетінің меңгерушісі.
1998-2006 ж.ж. – Республикалық «Жұлдыз» әдеби журналының сын бөлімінің меңгерушісі.
Республикалық баспасөзде «Атайы», «Кәрі ат», «Арылу» сияқты әңгімелері, «Шымдан» повесі және музыканттардың өміріне арналған «Талтүс» романы жарық көрген. «Көкбалақтың өлімі», «Біржан Сал», «Жезтырнақ», «Алматы-Астана», «Тұмар падиша» сынды киносценарийлердің авторы.
1973 жылы «Бәйжігіт күйлері» деген жеке гранд-дискі Бүкілодақтық «Мелодия» фирмасынан шықты. «Мәңгілік сарын» антологиясына 20-дан астам, «Қазақтың мың күйі» (2009) антологиясына 40-тан астам күйі енген. 2010 жылы Парижден «Тәттімбеттің мұрасы» СД-дискі шыққан.
Байланысшы: Нұргүл Құдайбергенова , тел.: 87055412525
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26053090
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы