«Киелі үнді домбырам» домбыра жасау шебері, әнші Смағұлов Амангелдімен онлайн кездесу
- Толығырақ
- Құрылды 02.07.2020 15:34
5 шілде 2020 жылы сағ.11.00-де Ұлттық домбыра күніне орай, домбыра жасау шебері, әнші Смағұлов Амангелді Адықұлымен @smagulov9759 инстаграмм парақшасында «Киелі үнді домбырам» атты тікелей эфир өтті.
Шілденің бірінші жексенбісінде аталып өтетін бұл мейрам биыл 5 шілдеге тұспа-тұс келеді. Атаулы күн құрметіне ұйымдастырылып отырған шарада домбыра жасау шебері, жерлесіміз - Амангелді Смағұлов домбыра жасаудың қыр-сырымен бөлісіп, тыңдармандарды қазақтың әуезді әнімен сусындатты.
Смағұлов Амангелді Адықұлы 1961 жылғы 7 қарашада Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданы, Горное (қазіргі Ақбұлақ) ауылында дүниеге келген.
1985 жылы Алматы қаласындағы Республикалық эстрада-цирк студиясының «домбырамен ән салу» бөліміне түсіп, жезтаңдай әншілер Қалыбек Ақтаев, Жәнібек Карменов, Қайрат Байбосынов, Меруерт Өтекешова, Зейнеп Қойшыбаева сынды өнер майталмандарынан дәріс алады.
Амангелді Адықұлы - көп қырлы, шығармашылық дарынды тұлға. Дәстүрлі әндермен қатар эстрадалық әндерді де орындайды, сондай-ақ актерлік өнері де бар.
Қазіргі таңда Ұлан аудандық мәдениет үйінің жоғары категориялы ансамбль әншісі қызметін атқаруда. Бос уақытында өзінің сүйікті ісі ұлттық музыка аспаптарын жасаумен шұғылданады.
«Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» дегендей, қазақтың қазақтығын, тарихын, мәдениетін тасымалдайтын ұлттық аспабымызды келер ұрпақ жанына серік етсе екен дейміз.
Байланысшы: Калиева Б. Т.
Анықтама тел.: 26-13-33
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26049687
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы