«Әл-Фараби және Абай: ұлылар үндестігі» онлайн лекция
- Толығырақ
- Құрылды 19.07.2020 18:35
22 шілде күні сағат 16.00-де Facebook @pushkinlibrary.kz парақшасында кітапхана оқырманы, волонтері Уалханов Замирбектің «Әл-Фараби және Абай: ұлылар үндестігі» деген тақырыпта онлайн сұхбаты өтті.
Уалханов Замирбек Нуралыұлы Катон-Қарағай ауданы, Топқайың ауылының тумасы. Замирбек Нуралыұлы техникалық бағыттағы мамандық иесі болса да, әрқашан әдебиетке, ғылыми және көркем кітаптарды оқуға ұмтылды.
Әлем әдебиетінің, әсіресе шығыс әдебиетінің ұлы классиктерінің шығармаларын оқып, олардан сусындаған оқырмандардың бірі. Ол «екінші ұстаз» атанған ғұлама ұстаз Әбу Насыр әл-Фарабидың және қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының шығармаларын зерттеп, олардың философиялық көзқарастарын салыстырып, өмір сүру қағидаттарын саралап, өзіндік қорытындалар жасай білді.
Онлайн-кездесу барысында Әл-Фараби мұрасын зерттеуге жарты ғасырлық ғұмырын бағыштаған, ғұлама, фантастиканың бастауында тұрған және ғылыми - көпшілік жанрды жаңа деңгейге көтерген жазушы Ақжан Машанов қаламынан туған "Әл-Фараби және Абай" атты кітабымен де танысты. Екі ұлы бабаларын дана дейді ұрпағы. Сонда олардың даналығы неде? Екі ұлының арасын жақындастыру, үндестіру халқымыздың мыңжылдық рухани, мәдени дүниесін тірілту деген сөз емес пе? Осы сұрақтардың жауабын оқырман қауым тікелей эфирде Замирбек Нуралыұлы ағамыздың танымды әңгімелерінен тыңдап, білді.
Байланысшы: Иманжанова Арайлым
87022906853
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26337073
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы