homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ«Ақын - ұлттың жүрегі»
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Ақын - ұлттың жүрегі»

Шілде айының 23 күні сағат 15.00 кітапхананың ұйымдастыруымен талантты суырып салма ақын Қуаныш Еркінұлымен онлайн-кездесу өткізілді. Кездесу қонақтың Erkinkuanysh жеке инстаграм парақшасында  өтті.

ҚХР Алтай қаласының тумасы Қуаныш Еркін 10 жасында ата-анасымен тарихи Отанына, Қазақстанға оралады.
Ұлан ауданы Бозанбай аулына табан тірейді. 4-9 сыныптарда Бозанбай ауылдық орта мектебінен білім алады. Осы аралықтағы 5 жыл ішінде білім берген ұлағатты ұстаздарының арқасында Қуаныштың өлең мен өнерге деген ынтасы ояна бастайды.
2009 жылы Қуаныш Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатына оқуға түседі. Бұл жерде Бітібаева Қанипа Омарғалиқызының авторлық сыныбында оқиды. Бұл жөнінде Қуаныш өзінің бір сөзінде: «Қазақтың Қанипасы атанған, данықты да дарынды ұстаздан білім алған мен бақытты шәкіртпін» дейді. Қуаныш Еркінұлының айтыс сахнасындағы сәтті кездері мен оның толығып, қалыптасуы осы мектеп қабырғасында болды. 2016 жылы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің «Филология факультетін» оқып бітіреді.
Қуаныш Еркін - көптеген республикалық және облыстық айтыстардың жүлдегері, оның ішінде С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің 60 жылдығына арналған айтыста Бас жүлде (2017), республикалық Алаш ордасына 100 жыл толуына арналған айтыста 3 орын (2018), отбасы жылына арналған айтыста бас жүлде (2018), Өскемен қаласында өткен Ақтан Нурбаевқа арналған айтыста 1 орын (2019).
Қазіргі таңда Қуаныш Еркін – айтыскер ақын, облыстық, қалалық мәдени іс-шаралардың жүргізушісі,Өскемен қалалық әкімдігінің "Жұлдыз" балалар өнер мектебінде қызмет етеді.

 

Байланысшы: Зұлқаршын Гүлнұр, тел.: 87758301250

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26338668
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102