homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВМұнайдар Балмолда: «Анамның жаққан ошағы»
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Мұнайдар Балмолда: «Анамның жаққан ошағы»

«Анамның жаққан ошағы» тақырыбында ҚР Журналистер және Жазушылар одағының мүшесі, ақын, журналист, тележүргізуші Мұнайдар Балмолда кітапханамыздың шақыруымен Facebook әлеуметтік желісінде @Munaidar Balmolda парақшасында тікелей эфирін  өткізді.

 Балмолда Мұнайдар Мұхамбетжанұлы 1969 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1993 жылдан бастап Батыс Қазақстан облыстық телерадио саласында тілші, журналист болып еңбек етіп келеді.
2006 жылдан Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Ол жасаған: «Біздің көше», «Тарихпен тілдесу», «Бір жол», «Азат ой», «Жеті өнер», «Сіздермен бірге», «Жансарай», «Перне», «Әсерлі әңгіме» бағдарламалары жұртшылыққа өлкеміздің арғы-бергі тарихы мен салт-дәстүрінен, мәдениетінен сыр шертіп, таным көкжиегін көтеруге мейлінше үлес қосты. Қазіргі күнде «Атамекен» және «Тарихтан тағылым», «Мәртебелі тіл» бағдарламаларын дайындап, жүргізеді. Аталған бағдарламалар туған өлке табиғаты мен тарихын, ондағы еңбек адамдарының өмірі мен қызметін дәріптейді.
 Кинорежиссерлік қырынан да өзін көпшілікке танытып жүрген Мұнайдар Мұхамбетжанұлының осыған дейін «Сырым батыр», «Махамбет», «Махамбеттер тірі екен», «Буыршын мұздан тайған күн», «Шығыс шолпаны», «Қос қыран» атты деректі және «Қағаз ұшақ», «Ақ қоян», «Жаяу әскер» атты көркем фильмдері жарыққа шықты. Бірнеше әндердің бейнебаянын түсірді, бард әнші Табылды Досымовтың «Асанқайғыны аңсау», әнші-композитор Роза Әлқожаның «Каспий» әніне режиссерлік етті.
2006, 2010 жылдары «Көкбөрі», «Ақ тұлпар» атты өлеңдер мен әңгімелер жинағы оқырман қолына тисе, 2017 жылы «Он төрт» атты тұңғыш тарихи романы жарық көрді.
Мұнайдардың «Елге сәлем», «Жарығым» әндерін «Жігіттер» квартеті мен өзге де әншілер орындап жүр. «Сабаз хаттары» әні Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналса, бірнеше әні «Шалқар» радиосының қорына тіркелді. Сондай-ақ балаларға арналған туған жер, ана, бақытты балалық шақ тақырыбындағы отызға тарта әні балабақша мен мектептердің ән сабағында үйретіліп, шырқалып келеді. Автордың Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «Махаббат бер, маған тағдыр» әні әлем жұртшылығына таныс.
Журналистің публицистикалық мақалалары мен прозалық дүниелері республикалық басылымдарға жарияланып тұрады. Автор «Тіл жанашыры» төсбелгісінің иегері.
Тікейлей эфир барысында Мұнайдар Балмолда Семей еліне келіп, Абайға мінәжат еткен естеліктерімен бөлісіп, өзінің шығармашылығынан сыр шертті.
Қызықты кездесуді мына сілтемелер арқылы көруге болады:  1. https://www.facebook.com/100004077288511/videos/2222503921228829/?extid=JoxNwGZEzc7W7M59.

2. https://www.facebook.com/100004077288511/videos/2222550971224124/?extid=2FKJK3UzZFlzDuJR..


                                                                              Байланысшы: Абылгазинова Гүлбаршын, тел. +77056241725

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26335127
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102