"Диктант Победы" тарихи акциясы
- Толығырақ
- Құрылды 03.09.2020 15:57
3 қыркүйек күні Шығыс Қазақстан кітапханаларының қызметкерлері мен пайдаланушылары онлайн режимде «Диктант Победы» тарихи акциясына қатысты. «Диктант Победы» – әлемнің көптеген елдерінде жыл сайын өтетін ағартушылық-патриоттық акция. Биылғы жылы пандемияға байланысты көптеген алаңдар, соның ішінде Қазақстандық алаңдар да тестілеуге қашықтан қатысуды таңдады.
"Диктант Победы-2020" Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған. Қатысушыларға 45 минут ішінде 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы тарихына байланысты 25 сұраққа жауап беріп өз білімін тексеру ұсынылған. Соғыс жылдарындағы даталар, тарихи оқиғалар, әскери қолбасшылардың фамилияларымен қатар мәдениетке байланысты да көптеген сұрақтар болды. Тапсырмалардағы картиналар, үгіт плакаттары, өлеңдерге қарап бұрыннан таныс шығармаларды толық еске түсіру оңайға соқпады. Біздің аймақтан бұл шараға оқытушылар, студенттер, оқушылар т.б. қатысты. Біреулері өз білімін тексеруді мақсат етсе, келесілері жаңа білімді игеруге талпынғандар.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26326923
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы