Ілияс Есенберлин - дала тарихының ұлы суреткері
- Толығырақ
- Құрылды 19.09.2020 13:50
Jeetsi meet платформасында Ілияс Есенберлиннің 105-жылдығына орай «Дала тарихының ұлы суреткері» атты онлайн конференция 22 қыркүйек күні сағат 16.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен өтеді. Ілияс Есенберлин – қазақ әдебиетінде алғашқы болып тарихи оқиғалар арқылы, сол заманғы тұрмыс-тіршілікті көркем суреттеу арқылы кейінгі ұрпаққа тұтас бір тарихи кезең сипаттамасын жеткізіп, ұлт рухын көтерген қазақ әдебиетінде ерекше орны бар дара тұлға.
Жазушының «Көшпенділер» және «Алтын орда» трилогиялары көпшілікке танымал. Жалпы «Көшпенділер» трилогиясы әлемнің 30 тілінде жарық көріп, 50 рет қайта басылған шығарма. Ілияс Есенберлин жапон тіліне аударылған жалғыз қазақ жазушысы.
Ілияс Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығына арналған Конференцияға республикамызға белгілі есенберлинтанушылар қатысады, олар:
Қашқымбаев Амангелді Нұркейұлы: «Ілияс Есенберлин: тарих қосындылардың қосындысы емес», тарих ғылымдарының доценті, ҚР БҒМ ҒК, Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары, «Ілияс Есенберлин» тарихи-танымдық кітабының авторы;
Сыдықов Тұрсын, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, баспасөз кафедрасының профессоры;
Балтымова Мира Рашидқызы: «Тарихты түгендеген тарлан жазушы», Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты;
Алпыспаев Құныпия Қожахметұлы: «Санада ұлттық рухты жаңғыртқан қаламгер», Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры; Айтматов Академиясының академигі. ҚХР Құлжа қаласындағы педагогикалық университеттің Құрметті прфессоры, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі;
Жапанова Маржан Еркеновна, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, орыс филологиясы кафедрасының доценты;
Комбатурова Ұлбосын Даниярқызы: «Ілияс Есенберлин және музей әлемі», Атбасар қаласындағы І.Есенберлин әдеби музейінің меңгерушісі;
Есенберлин Мағжан Қозыкөрпешұлы – жазушының немересі, «KazPromEx» ЖШС директорының орынбасары;
Конференция модераторлары: Жазушылар Одағының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы, журналист, публицист Қаңтарбаев Әлібек Қалиұлы және А.С.Пушкин атындағы кітапхананың бас өлкетанушысы, Мәдениет саласының үздігі Слямова Зиза Мухтарханқызы.
Конференция барысында есенберлинтанушы-ғалымдар жазушының өмірі мен шығармашылығының бұрын-соңды оқырманға беймәлім тұстары жайлы баяндама жасап, жазушының немересі өз естеліктерімен бөліседі.
Эфирден тыс қалмаңыз! Эфир @Ютуб, Фейсбук желілерінде де көрсетіледі.
Ілияс Есенберлиннің 105 жылдығына орай ұйымдастырылған
«Дала тарихының ұлы суреткері» атты онлайн конференцияның
БАҒДАРЛАМАСЫ:
Модераторлар:
Қаңтарбаев Әлібек Қалиұлы - Жазушылар Одағының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының филиалының төрағасы, журналист, публицист; (5 мин)
Слямова Зиза Мухтарханқызы - А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапхананың бас өлкетанушысы, Мәдениет саласының үздігі. (3 мин)
ҚАТЫСУШЫЛАР:
Қашқымбаев Амангелді Нұркейұлы: «Ілияс Есенберлин: тарих қосындылардың қосындысы емес», тарих ғылымдарының доценті, ҚР БҒМ ҒК, Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары, «Ілияс Есенберлин» тарихи-танымдық кітабының авторы;
Балтымова Мира Рашидқызы: «Тарихты түгендеген тарлан жазушы», Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты;
Алпыспаев Құныпия Қожахметұлы: «Санада ұлттық рухты жаңғыртқан қаламгер», Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры; Айтматов Академиясының академигі. ҚХР Құлжа қаласындағы педагогикалық университеттің Құрметті прфессоры, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі;
Жапанова Маржан Еркеновна, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, орыс филологиясы кафедрасының доценты;
Комбатурова Ұлбосын Даниярқызы: «Ілияс Есенберлин және музей әлемі», Атбасар қаласындағы І.Есенберлин әдеби музейінің меңгерушісі;
Есенберлин Мағжан Қозыкөрпешұлы – жазушының немересі, «KazPromEx» ЖШС директорының орынбасары;
Қорытынды: Модераторлар 3-5 минут
Байланысшы: Кемешева Меруерт Ниғметолдақызы, +7 705 281 9343
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26336831
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы