homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВБақытжан Бұқарбай: «Идеядан нақты істерге!»
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Бақытжан Бұқарбай: «Идеядан нақты істерге!»

Жазушы, бірнеше кітаптың авторы, Forbs Kazakhstan журналының бас редакторы Бақытжан Бұқарбаймен «Идеядан нақты істерге!» тақырыбында 24 қыркүйек күні сағат 15.00-де А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен  онлайн сұхбат Инстаграм желісінде @barshyn_abilgzinova и @barkorn парақшаларында өтті.

Бақытжан Бұқарбай 1987 жылы дүниеге келген. 2011-2014 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында қызмет етті. 2015 жылы Ақтау қаласы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі қызметін атқарған.
2006 жылдан бері журналистика саласында да еңбек етіп, әр жылдары «Хабар» агенттігінде, «Алматы» телеарнасында жұмыс істеп, еліміздің бірқатар баспа және электронды БАҚ-тарында жүзден аса мақалалар жариялады.
Автордың замандастары мен жастар аудиториясы оның бұған дейін де бірнеше кітап шығарғанынан хабардар. Атап айтсақ, «Алматы сегодня» (2010); «Қарулы қақтығыстардағы ақпараттық технологиялар: әлемдік тәжірибе және келешегі» ғылыми монографиясы (2012); «Қазақстан-2050» терминологиялық анықтамалығы (2014).
Кейін AmalBooks баспасын ашып, оқырман арасында сұранысқа ие болған «Күміс кітап» атты жеке кітабын, «67 уроков от миллионера из 90-х» кітабын жарыққа шығарды. «Күміс кітапта» Бақытжан енді қалыптасып келе жатқан оқырмандарға кітап оқуға дағдыланудың түрлі тәсілдерін үйретеді, ең маңызды кітаптарды қалай іріктеп оқудың тәсілін айтады.
Бақытжан «Қазақ бизнесменінің үстел кітабы» («Настольной книги казахского бизнесмена») атты жаңа кітабын жазу үшін Алматы қаласының 8 ХҚКО барып, 300-ден астам адам арасында сауалнама жүргізген. 3 апта бойы оқырмандарға қызықты бизнесмендердің есімін анықтап, зерттеп, Forbes тізіміндегі табысты бизнесмендермен сұхбаттасқан. Олардың қатарында «Қанағат» асханалар желісінің негізін салушы Шынар Бүгімбаева, Райымбек Баталов, Марғұлан Сейсембай, Арманжан Байтасов, Қайрат Құдайберген бар.
Кітапта сәтті бизнес-жоспарды қалай жазу, мықты менеджер болу, ұзақмерзімді команда құру, тиімді маркетинг қалыптастыру, бизнес үшін мотивацияны қалай алу, қазақстанда бизнесті қалай сақтау керегі туралы түсіндіреді. 11 танымал бизнесменмен сұхбаттаса отырып, жазылған кітапта 200 бетке жуық пайдалы ақпарат аласыз.
Бақытжан Бұқарбай қазақ тілін үйренушілерге арналған танымал BAS QOSU жобасының авторы.
Б. Бұқарбайдың екі жеке көрмесін өткізген суретші ретінде де танымал. Тұңғыш жеке көрмесі 2014 жылы Алматыда «Өмір шеңбері» деген атпен өткізілсе, екінші көрмесі 2015 жылы еліміздің ірі үш қаласында өтті. Яғни, Шұбаркөл көмір кен орнының отыз жылдығына арналған графика жұмыстарының көрмесі Астана, Алматы, Шымкент қалаларында ұйымдастырылды.
 Бақытжан Бұқарбаймен өткен тікелей эфирді мына сілтеме арқылы көріп. тыңдай аласыздар https://www.instagram.com/tv/CFhgjw4HTMe/?utm_source=ig_web_copy_link.

                                                     Байланысшы: Абылгазинова Гүлбаршын, тел. +77056241725

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26336497
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102