Денім сау болсын десеңіз!
- Толығырақ
- Құрылды 25.09.2020 12:14
Халықаралық қарттар күні қарсаңында А.С. Пушкин атындағы кітапхананың оқу залында «Денім сау болсын десеңіз!» атты көрме ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылардың ойынша, экспозиция тек зейнеткерлерді ғана емес, сонымен қатар белсенді де ұзақ өмір сүру өмірлік қағидасы болып табылатын жас оқырмандарды да тартуы тиіс.
Мерекенің өзі туралы мәлімет бере кетейік. 1 қазан – аға буынның проблемаларына қоғамның назарын аудару мақсатында 1990 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясында Қарттар күні деп жарияланды. Алдымен бұл күн Еуропада, содан кейін Америкада, ал 1990-жылдардың соңында бүкіл әлемде, соның ішінде бізде де атап өтіле бастады.
Қарттар күні – бұл ата-аналарымызға, ата-әжелерімізге ерекше құрмет көрсететін мейірімді де жарқын мереке.
Көрмеде ұсынылған әдебиеттер «Дәстүрлі медицина құпиялары», «Дұрыс тамақтану», «Қозғалыс – бұл өмір», «Сіздің хоббиіңіз», «Мінсіз үй» тақырыптары бойынша топтастырылған. Мұның барлығы бірге – САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ! Иә, өмір сүру ұзақтығы өсіп келеді, әлеуметтік белсенді зейнеткерлер қазір ешкімді таң қалдырмайды.
Николай Мазневтің «Энциклопедия народной медицины» атты еңбегі, Владимир Лавреновтің «Все о мёде и других продуктах пчеловодства» энциклопедиясы, Валентин Дикульдың «Ваша жизнь без боли в суставах и спине» атты еңбектері дәстүрлі медицинадан сыр шертеді.
Наталья Правдинаның «Идеальный дом» кітабы «Денсаулық фэншуйын» сипаттайды, сондай-ақ «Идеальная хозяйка» суретті туындысы да ерекше қызығушылық тудырары сөзсіз.
Әлемде сурет салу, жазуға және басқа да шығармашылық ізденістерге қызығушылық танытатын қарт адамдар көп. Әйгілі жазушы Астрид Линдгрен 80 жастан кейін өз қызметін бастағанын білесіз бе? «Сіздің хоббиіңіз» блогы - Татьяна Гарнизоненконың «Комнатные растения в современном интерьере», Айрис Шрейердің «Двустороннее вязание на спицах», Гельмут Сталькнехттің «Аквариум для начинающих», Клэр Ватсон-Гарсианың «Живопись с нуля: пошаговое руководство» еңбектерінен тұрады.
Дендеріңіз сау болсын! Мерекелеріңізбен!
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26335127
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы