homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВТұсаукесер «Әр отбасының өз батыры бар»
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Тұсаукесер «Әр отбасының өз батыры бар»

27 қазан күні сағат 15.00-де А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Шығыс Қазақстан облысындағы білім саласы қызметкерлерінің «Әр отбасының өз батыры бар» кітабының тұсаукесері өтеді.

Биыл Ұлы Отан соғысының жеңіс күнімен аяқталғанына 75 жыл толып отыр. Қаһарлы соғыс батырларының батылдығын, Отан қорғаудағы ерліктерін баяндап жас ұрпақ жадына өшпестей сіңіру - аға буынның асыл парызы. Осы мақсатта білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы білім саласының қызметкерлер арасында Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Әр отбасында – өз батыры» атты шығармашылық байқау өткізді.
Байқауға қатысушылар өз шығармаларында Ұлы Отан соғысының сұрапыл сұмдығы мен қайғы-қасіретін, әрбір жанұяның басына түскен ауыртпалықты, Ұлы Жеңіс үшін еңбектеген баладан еңкейген қарияның еңбегін, өз отбасыларының тартқан қайғы-қасіретін, адамдардың тылдағы ерен еңбектерін жеткізе білді.
Қатысушы мұғалімдер сұрапыл соғыста ата-бабаларының басынан кешкен ерлігі мен жеңісін өз шығармаларына арқау етіп, жүрек тебіреністерін жеткізе білді.
Байқау «Үздік шығарма», «Үздік өлең», «Үздік эссе» номинациялары бойынша өткізілді. Екі ай ішінде барлығы, мемлекеттік және орыс тілдерінде 71 жұмыс ұсынылды. Жеңімпаздарды анықтау қазылар алқасының мүшелеріне үлкен сын болды, әр байқау бойынша жеңімпаздар жүлделі орындармен марапатталды. Осы жинаққа байқауға қатысқан барлық жұмыстар толық жарияланды.
Шараға кітаптың қаржылай демеушісі, облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы Назгүл Қасенова, байқауды ұйымдастырушы және кітапты құрастырушы, Қазақстан Журналистер одағының және Зайсан аудандық кәсіподақ ұйымының мүшесі Еркебұлан Зағыпаров, сонымен қатар, қаладағы Құрметті азаматтар, білім саласының қызметкерлері қатыспақшы.
Әр отбасындағы елі-жері үшін жанын қиған батырды ұлықтаған, ата-баба ерлігін дәріптеген жаңа кітапқа ақ жол тілейік, ағайын!

 

Абылгазинова Гульбаршын
87056241725

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26339157
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102