Кинорежиссер Серік Апрымов: өмірі және фильмдері
- Толығырақ
- Құрылды 23.10.2020 16:58
Белгілі кинорежиссер Серік Апрымовпен онлайн кездесуді кітапханамыздың библиографы Жанна Тұрсынбекова Инстаграмдағы @pushkinlibrary парашасында. Аталған кездесу кейіпкеріміз әрі жерлесіміз, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, КСРО Кинематографистер одағының мүшесі, «Тарлан» сыйлығының және Қазақстан Жастар одағының лауреаты, жиырмадан астам халықаралық кинофестивальдердің марапаттары мен сыйлықтарына ие болған тұлғамыз Серік Секенұлының мерейтойына арналды.
А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы Серік Секенұлын 60 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, барша оқырмандарды мерейгермен өткен тікелей эфирдің жазылымын көруге шақырады.
Серік Секенұлы Апрымов – келесі кинофестивальды көркем фильмдердің авторы: «Двое ехали на мотоцикле» (КФ,1986,қ.м.), «Гипнотизер» (КФ,1988,қ.м.), «Конечная остановка» / «Қиянда» (КФ,1989), «Сон во сне» («Сергелден», «Дневник молодого человека», КФ,1993), «Ақсуат» (КФ,1998), «Три брата» (КФ,2000). «Охотник» (КФ,2004), «Дом на Озерной» (2009, Ресей, сериал), «Бауыр» (2013), «Звонок отцу» (2017) фильмдерінде заманауи өмір мәселелері айқын сомдалған.
«Восток-Запад. Классика и Авангард» (Оренбург қ.) XI Халықаралық кинофестивалінің бас жүлдесіне ие болған «Әкеге қоңырау шалу» фильмінің айрықша ерекшелігі – өзінің өміршеңдігін дәлелдей алатын және қазіргі қиындықтарға қарамастан жеңімпаз бола алатын жаңа мықты кейіпкердің пайда болуы. Режиссер С.Апрымов фильмдерінің сюжеттері мен кейіпкерлері арқылы Тәуелсіз Қазақстан өмірінің жекелеген аспектілерінің эволюциялық дамуын байқауға болады. Шығарма авторының қазіргі өмір туралы көркемдік көзқарасының эволюциясы келесі сөздермен өрнектеледі: «Бұрын олар адамды болмайтындай етіп көрсетсе, енді олар адамды сол күйінде көрсету керек деген қорытындыға келді». Осы тұрғыда «Звонок отцу» фильмінің басты кейіпкерінің аты «Конечная остановка» және «Бауыр» фильмдерінің басты кейіпкерлері сияқты Еркін деп аталуы да назар аударарлық және символдық болып табылады.
Серік Апрымов 1960 жылы 28 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылында дүниеге келген. БМКИ режиссерлік факультетін, Сергей Соловьевтің шеберханасын аяқтаған. Студенттік жылдары түсірілген Серік Секенұлының қысқаметражды фильмдері профессорлар мен студенттерді формасының тазалығымен, кинематографиялық сөйлеудің ерекше мәнерлілігімен, нәзік ирониямен, жұмсақ әзілмен және кейіпкерлерге деген жылы қарым-қатынасымен таң қалдырды.
«Қиянда» алғашқы толықметражды көркем-ойын фильмі диплом жұмысы болып, емтихан комиссиясының төрағасы, режиссер Никита Михалков «өте жақсы» деп бағалап, дипломдық фильм Канн кинофестивалінің сын апталығында көрсетілген.
Режиссер, сценарист және продюсер Серік Апрымовтың шығармашылығына қызығушылық танытқан барша өнер сүйер қауымды тікелей эфирдің жазылымын мына сілтеме арқылы көруге шақырамыз: https://www.instagram.com/tv/CG4hZndBxCc/?utm_source=ig_web_copy_link .
Байланысшы: Турсынбекова Жанна, тел. +77051363340
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26334866
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы