Құмаш Нұрғалиевті еске алу
- Толығырақ
- Құрылды 29.10.2020 17:31
29 қазан күні, сағат 15.00-де кітапхананың ұйымдастыруымен Марқа өңірінің тумасы, КСРО Халық мұғалімі, Құмаш Нұрғалиұлы Нұрғалиевтің туғанына 95 жыл (1925-1988) толуына орай Jitsi Meet платформасында онлайн еске алу кеші өтті.
Құмаш Нұрғалиев – КСРО халық мұғалімі, педагогтар әулетінің негізін салушы, Елбасының «Книги профессиональных династий Республики Казахстан» атты кітабының бірінші бетіне енгізілген. Өмірге деген құштарлықтың керемет үлгісін көрсеткен аңыз-адам аға ұрпақ өкілдерінің есінде.
Онлайн кездесуде Ұлы Абайдың «Қайғы келсе, қарсы тұр, құлай көрме» қағидатын өз ғұмырының бағдарламасы санаған, тағдыр тәлкегіне қасарыса қарсы тұрып, өмірден өз орнын тапқан, асыл ұстаз Құмаш Нұрғалиұлы туралы салиқалы ой қозғалды. Жиналғандар абзал ағаның артына қалдырған өшпес ізі, өмірге деген құштарлығы, ұмытылмас өнегесі туралы естеліктерімен бөлісті.
| |
Байланыс тел.: 261-333, (119)
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26337362
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы