Шоқан Уәлиханов мұрасы архив деректерінде
- Толығырақ
- Құрылды 06.11.2020 15:06
11 қараша күні сағат кітапхананың ұйымдастыруымен тарих ғылымының докторы, профессор, шоқантанушы Рашид Оразовпен Фейсбук желісіндегі (Рашид Оразов) жеке парақшасында онлайн кездесу өтті.
Оразов Рашид Ешенович 1972 жылы 17 сәуірде Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қаратоған ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1989-1996 жылдары Н. Өмірзақов атындағы кеңшарда жұмысшы болып бастаған. 1996-2000 жылдары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің тарих факультетінде тарихшы мамандығы бойынша бакалавриатын, 2000-2002 жылдары магистратурасын бітірген. 2002 жылдан бері қарай Қазақстан ҰҒА Ш. Уəлиханов атындағы Тарих жəне этнология институтының Жаңа дəуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінде жұмыс атқарып келеді.
2 монография, 12 құжат пен материалдар жинағының авторы. 180-нен астам ғылыми мақалалары ғылыми журналдар мен баспасөзде жарияланған. 2016-2019 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих, археология және этнология факультетінің PhD докторантурасында оқыды. 2019 жылы Ыстамбул қаласындағы М. Синам университетінде ғылыми тағылымдамадан өтіп, білімін жетілдірген.
Р. Е. Оразов Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығына қатысты материалдарды жинау мақсатында Ресейдің Санкт-Петербург, Орынбор, Омбы, Тобольск қалаларында және Өбекстанның Ташкент қаласында, Қырғызстанның Бішкек қалаларындағы архивтерде жүйелі жұмыс жасап, тың деректерді ғылыми айналымға енгізуде.
Байланысшы: Шомбина Азия , тел.: 87051489755
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26330089
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы