homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ«Найзағайдай жарқ еткен жасын ғұмыр» Кеңес Одағының батыры Төлеген Тоқтаровтың туғанына 100 жыл
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Найзағайдай жарқ еткен жасын ғұмыр» Кеңес Одағының батыры Төлеген Тоқтаровтың туғанына 100 жыл

14 желтоқсан күні  кітапхананың ұйымдастыруымен Facebook@ Pushkinlibrary парақшасында «Совет Одағының батыры-Герой Советского Союза Төлеген Тоқтаров» атты кітаптың авторлары Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Американ Еркін университетінің Президент кеңесшісі Болатбек Қапанов пен өлкетанушы, шежіреші Сиезхан Құдабаевпен онлайн кездесу өтті.

Tohtarov2020 жылы желтоқсанның 10 жұлдызында Кеңес Одағының батыры - Төлеген Тоқтаров 100 жасқа толады.
Онлайн кездесудің мақсаты - Төлеген Тоқтаровтың қысқа ғұмырындағы өшпес ерлігін, ержүректілігін,отансүйгіштігін, батырдың жақсы қасиеттерін жасөспірімдердің бойына сіңіру.
Ұлы Отан соғысында боздақ болған батырларымыздың ішіндегі Төлеген Тоқтаровтың орны ерекше. Ұлан ауданында қарапайым шаруа жанұясында туып, жетімшілік пен жоқшылықтың бейнетін көріп өскен. Майданға алынған күннің алғашқы кезеңдерінде аса бір дайындықтан өтпей жатып, сегізінші Панфилов гвардиялық дивизиясының санын тез арада толықтыру қажеттігіне орай өз еркімен соғысқа аттанған. Төлеген төрт-ақ рет фашистермен соғыс майданына кіріп, ерлігімен, батылдығымен мәңгілік халық есінде қалды. 1943 жылы 30 қаңтарда КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Төлеген туралы композитор Р. Елебаев «Жас қазақ» ән-реквиемін, ақын Н. Баймұратов « Ер Төлеген» дастанын жазды. Риддер қаласында батырға ескерткіш орнатылып, N10 мектепке оның есімі берілген. Өскемен, Риддер, Алматы қалаларында Төлеген Тоқтаров көшелері бар. Ленин орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
Қай халық болмасын, батырын мақтан тұтқан, батырымен өмір сүрген, алға ұмтылған, батырын қастерлеп қасиеттеген. Төлеген Тоқтаровтың ерлігі мәңгілік есте сақталып, бірлік, ынтымағымызды нығайтып, ұрпақтарымызды алға жетелері сөзсіз.Тікелей эфирді мына сілтеме арқылы тамашалай аласыздар  https://www.youtube.com/watch?v=2bcDGK9SCz8&t=152s.

 

Байланыс тел.: 26-13-33 (119)

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26324522
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102