Тікелей эфир «Медиа кеңістік: жаңаша формат»
- Толығырақ
- Құрылды 15.01.2021 16:10
19 қаңтар күні, сағат 11.00-де кітапхананың ұйымдастыруымен белгілі журналист Есенгүл Кәпқызы «Медиа кеңістік: жаңаша формат» атты тақырыпта онлайн сұхбат өткізді. Сұхбат Facebook @Есенгүл Кәпқызы парақшасында өтті.
Е.Кәпқызы қазақ жаурналистикасының дамуы тақырыбында өзекті мақалалар жазып, шет елдердегі және еліміздегі жиындарға қатысып, жаңа форматтағы ақпарат тарату тақырыбын зерттеп жүрген айтулы журналистердің бірі. Журналистика қоғамдағы аса маңызды сала. Сондықтан бұл бағыттағы білікті маман, айтулы журанлист ретінде осы сұхбатқа Есенгүл Кәпқызы арнайы шақырылып отыр. Онлайн сұхбат арқылы ол жаңа форматтағы медиа тақырыбын талдап берді.
Ол қазіргі таңда Сүлейман Демирель университетінің әлеуметтік ғылымдар кафедрасынң оқытушысы, «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы қоғамдық қорының жетекшісі болып қызмет атқарады.
Есенүл Кәпқызы - Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің түлегі. 1994 жылы еларалық «Шалқар» газетінен бастап, кейіннен «Алтын бесік» журналында, Би-Би-Си радиосының Алматыдағы қазақ бөлімшесінде қызмет атқарған.
2008-2011 жылдары "Азаттық" радиосының "Қазақтар әлемде" хабарының жүргізушісі. Сонымен қатар, қазақ тіліндегі тұңғыш интернет-газеті «Тарланға» басшылық еткен ол бүгінде «Түркістан» газетінің журналистер тобын басқарып, «Мінбер» интернет-порталына жетекшілік етеді.
2007 жылы "Сөздің шыны", 2010 жылы "Жырақта қалған тағдырлар" 2013 жылы "Ой түбінде жатқан сөз" атты публицистикалық жинақтары жарық көрген.
"Медианет" халықаралық журналистика мектебі ұйымдастырған семинар-тренингтердің, Біріккен ұлттар ұйымының Даму бағдарламасы ұйымдастырған журналистік тренингтердің және "Мінбер" журналистерді қолдау орталығы ұйымдастырған семинар-тренингтердің тренері.
Сұхбат барысында қазіргі таңдағы журналистика саласының дамуы және медиа кеңістіктегі ақпарат жеткізудің тиімді тәсілдері туралы баяндп, осы бағыттағы сауалдарға жауап берді. тікелей эфирді мына сілтеме тамашалай аласыздар. https://www.youtube.com/watch?v=jaI7NrwfJLA
Байланысшы: Аскерхан Ақтай
Тел.:8701183 00 84
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26330089
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы