"Саятшылық - халық қазынасы"
- Толығырақ
- Құрылды 11.03.2021 11:16
2021 жылы 18 наурызы күні сағат 15.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен көркемсөз оқу шеберлерінің Республикалық және халықаралық байқауларының бірнеше дүркін жеңімпазы, Республикалық «Алтын дауыс» байқауының жеңімпазы, «Қазақ радиосының» жүргізушісі Ғылымхал Манайұлымен (Facebook @Pushkinlibrary) тікелей эфирде онлайн кездесу өтеді.
Ұлы даланы мекендеген ұлттың ұлық өнеріне жататын аңшылық, саятшылық және құсбегілік өзінің орнын ешқашан жоғалтқан емес. Төл өнерімізді төбеге шығарып, ұлықтап жүрген азаматтардың бірі – Ғылымхал Манай. Ол өзінің фейсбук парақшасында былай деп жазады:
«Мен Ғылымхал Манайұлы саятшының шаңырағында дүниеге келген баламын. Атам Дәулетбай, әкем Манай өз заманында елге белгілі бүркітші болған адамдар. Сол атадан балаға мұра болып жалғасқан құсбегілік өнерді дәріптеу мақсатында, жуырда ғана осы Фейсбук әлеуметтік желісінен "Саятшылық - халық қазынасы" https://www.youtube.com/channel/UC8X3ME-DOVIH9zqrV-xOazw және инстаграмм парақшасынан - https://instagram.com/saiatshy.kz?igshid=ggutzirikh0d Saiatshy.kz атауымен жаңа топ аштым. Бұл топта алдағы уақытта өздеріңізге саят өнері, қазақстандық саятшылар, қыран құспен аң аулаудың қыр-сырлары туралы қызықты контенттер ұсынып отыратын боламын». Мақсат қазақтың саятшылық, аңшылық өнерін дәріптеу.
Ғылымхал Манайұлы 1994 жылы дүниеге келген. Мектепті «Алтын белгімен» аяқтап, 2012 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына оқуға түседі. Кейін білімін Астана қ. Тұран-Астана университеті магистратурасында жалғастырады. Бүгінгі таңда Қазақ радиосында жүргізуші болып қызмет атқаруда.
Онлайн кездесуде салт-дәстүріміз, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан саятшылық өнері туралы мәнді, рухани әңгіме тізгіні ағытылып, әуелетіп ән де салынады, көркем сөз де оқылады.
Тікелей эфирді бірге тамашалайық!
Байланысшы: Кемешева Меруерт
Байланыс тел.: 26-13-33 (123)
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26323831
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы