homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВКітапханадағы балалар кітабының Апталығы
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Кітапханадағы балалар кітабының Апталығы

Жыл сайын 2 сәуірде дат ертегішісі Ганс Христиан Андерсеннің туған күнінде атап өтілетін Халықаралық Балалар кітабы күні қарсаңында кітапханада Балалар кітабы апталығы өтті.

Халықаралық Балалар кітабы күні «Сиқырлы кітаптар әлемі» атты кітап көрмесі жанында Г.Х. Андерсен ертегілерінің желісі бойынша театрландырылған қойылыммен мерекенің салтанатты ашылуы өтті.

Балалармен кездесуге келген ертегі кейіпкерлері кішкентай оқырмандарды көрмедегі ғажайып кітаптармен таныстырды. Көрмеден халық ауыз әдебиеті, авторлық ертегілер, қызықты сиқырлы әңгімелер, балалар әдебиетінің алтын қорынан алынған шытырман оқиғалы әдебиеттер, сондай-ақ отандық және шетелдік авторлардың заманауи балалар кітаптарын табуға болады.

Апталық аясында кітапхана Facebook парақшасында заманауи қазақстандық жазушылармен тікелей эфирлер сериясын және балалар мен жасөспірімдер оқуын қолдау мақсатында онлайн кездесулер ұйымдастырды.

Еліміздің қайсар әрі тәуелсіз нәзік жанды тұлғаларына арналған жігерлендіріп, шабыт беретін шығармалардың авторы Динара Чайжунусова «Super қыз» кітабын жазуға не себеп болғанын және жас оқырмандардың өзіне деген сенімін арттыруға қалай көмектесетіні жайлы әңгімелесе, 30 наурызда кітапхана балалар мен ата-аналарды «VITAмир» дүкенінің жаңадан келіп түскен балалар кітаптарына арналған онлайн шолуын тамашалады.
«Меченый» атты терең философиялық астарлы әңгімесінің авторы Игорь Александрович Морозовпен кездесу өтті. «Меченый» кітабы – бұл «балықшы мен балық туралы» әңгіме, бірақ, мағынасы мүлдем бөлек. Мұнда қармаққа түсетін балық емес, балықшы. Әңгіме үш тараптан айтылады: автор, балықшы және балық. Кітап мәңгілік құндылықтар – махаббат пен достық, жақсылық пен мейірімділік туралы ой қозғайды.
Іс-шаралар аясында педагог-психолог М.М. Давыдованың «Баланың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін қалай арттыруға болады?» атты онлайн-сұхбаты өтті. Сұхбат барысында тәрбие беру амалдарына баланың кітап оқуға деген қызығушылығын қалыптастыруға көмегін тигізетін пайдалы тәжірибелік ұсыныстар мен кеңестер айтылды.
2 сәуірде белгілі жазушы Сәуле Досжанмен тікелей эфир өтті, оның «Ауылдан шыққан миллионер» кітабы Қазақстанның барлық өңіріндегі жас оқырмандардың сүйікті кітабына, ал кейінірек – еліміздің Назарбаев Зияткерлік мектептерінің үздік кітабына айналды. «Ауылдан шыққан миллионер» – жастарды өздеріне сенуге және қойылған мақсатқа табандылықпен жетуге шабыттандыратын мотивациялық оқиғалар шедеврі.
Шарль Перроның «Золушка» ертегісінің мюзиклінде кішкентай оқырмандарымыз, ән айтып, би билеп,ертегіден үзінді оқыды.

Нұргүл Құдайбергенова, балалар оқуы және әлеуметтік бағдарламалар орталығының жетекшісі:

Мерекеміз әлі де жалғасын табады. 3-4 сәуірде отбасылық клубта Г.Х. Андерсен ертегілерін дауыстап оқу және ертегі терапиясы сеанстарына өтеді. Олар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, қоршаған әлеммен қарым-қатынасын жақсартуға және жақындарымен сенімді қарым-қатынас орнатуға көмектеседі.

den 13 den 17 den 1 den 6 den 14 den 4

 

den 2

 

den 16

 

den 3

 

den 7

 

den 12

 

den 19

 

Байланыс тел.: 261 333,ішкі 119

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26333721
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102