«Ашаршылық қасіреті»: онлайн-дөңгелек үстел
- Толығырақ
- Құрылды 24.05.2021 15:12
26 мамыр күні, сағ.:15.00-де Zoom-платформасында, Ашаршылықтың 100 жылдығына орай, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан тарихы кафедрасы меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Омарбеков Талас Омарбекұлы; тарих ғылымдарының докторы, алаштанушы Смагулова Светлана Өдепқызы; ақын, драматург, жазушы, кинорежиссер, Мәдениет қайраткері, сыншы, сатирик, кинодокументалист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Жүз жылдық толғау» роман-толғаудың авторы Әлімжанов Баянғали Тақанұлдарының қатысуымен «АШАРШЫЛЫҚ ҚАСІРЕТІ» атты онлайн дөңгелек үстел өтті.
ХХ ғасыр 20-30 жылдарындағы ашаршылық нәубетінен халқымыздың жартысына жуығына қырылып қалу қаупі төніп, орны толмас зардап шекті. Бұл зұлматтардың шығуына
табиғи-климаттық жағдайдан басқа большевиктік сұрқия билік әсер етті. Аштық халқымыздың демографиялық жағынан ақсауына алып келді. Аштық қасіретінің жантүршігерлік зардаптары миллиондаған адамдарды тағдыр тәлкегіне ұшыратты. Толықтай қаншама отбасының түтіні түтенбей, қырылып қалды. Ауыл шаруашылығы ақсады, әлеуметтік жағдай толықтай төмендеді. Аштықтың зардабын тартқан халық басқа елдерге пана іздеп, босып, шетел асты. Ауылдар қаңырап бос қалып, аштықтан өлген адамдардың сүйектері далада шашылып, жинаусыз қалды. Адам етін, өз баласын жеу сияқты сұмдықтар кеңінен орын алды.
Кездесу барысында ХХ ғасырдың 20-30 жылдары Қазақстанда болған ашаршылықтардың себебі мен салдары, аштықпен күрес барысындағы үкіметтің жүргізген саясаты, қазақ зиялыларының, шетелдік ұйымдардың аштықты ауыздықтаудағы қызметі жан-жақты айтылды.
Байланысшы: Кемешева Меруерт, 87052819343
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26055027
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы