homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ«Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945) еңбек армиясы қатарында болған шығысқазақстандықтар» электронды кітабының тұсаукесері
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945) еңбек армиясы қатарында болған шығысқазақстандықтар» электронды кітабының тұсаукесері

22 маусым 2021 жылы сағат 15.00 де А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының фейсбук парақшасында «Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945) Еңбек армиясы қатарында болған шығысқазақстандықтар»: электронды кітабының тұсаукесері өтті.

Тарихымыздағы осы ақтаңдақты қалпына келтіру үшін біздің кітапхана «Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945) Еңбек армиясы қатарында болған шығысқазақстандықтар» атты тың жобаны қолға алып, электронды кітап шығаруды жоспарлаған еді. Кітапты шығару барысында көп зерттеу жұмыстары жүргізілді, көптеген қиыншылықтарға кез болдық. Еңбек армиясына қатысқандар әлдеқашан дүниеден өтіп кеткен, естелік айтар ескі көздер де жоқтың қасы... Әйтеуір ел іші қазына ғой, көптің көмегімен еңбек армиясына қатысқандар туралы мәліметтер жинақталып, жоба негізінде электронды кітап жарық көрді.
Ұлы Отан соғысының басталғанына бүгін 80 жыл толды. Соғыс зардабын тартып, ескерусіз қалған аға ұрпақ өкілдерін еске алған кітап тұсаукесеріне Жазушылар Одағының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Қаңтарбаев Әлібек Қалиұлы, еңбек армиясына қатысқандардың отбасынан Әнікей Манасбайқызы, Бақыт Касенқызы Абрайымова, Кулән Мырзағұлқызы Абақаева қатысты.
Абақаев Мырзағұл : Әкем Мырзағұл Абақаевтың еті тірі, орыс тілін жетік меңгерген, әрі қолының шеберлігі де бар болатын. Орыс тілінде жақсы сөйлейтін болған соң, оны бірден зауытқа мылтық жасайтын жерге бірден жұмысқа алады. Қызыл Армияны әскери техникамен, қару-жарақпен тез қамтуды талап етілді. Қыстың қақаған аязына шыдамай, ауру сырқауға ұшырағандар мен өлім-жітім де көп болды. Қырдан келген қазақ жігіттері жұмыстың қыр-сырын түсінбей, тіл білмей, үйренбеген асын жей алмай көп қиналыпты. Алғашында аузына нәр салмай жүре беріпті. Ішер асқа, киер киімге жарымаса да ауыр жұмыстан қашпай еңбек етті. Әкемнің қолының шеберлігі бар дедім ғой, «жалаңаяқ қалған талай жұмысшыларға етік тігіп, жыртықтарын жамап бердім» - деп отыратын.
Исаханов Бөкей : Шыңғыстайлық Исақанов Бөкей, Қайсин Қабілмәлік, Охин Бурахан бір жерде Оралдағы ірі өнеркәсіп орталығы Свердловск (қазіргі Екатеринбург) құрылысындағы Белка руднигінде еңбек армиясының қара жұмысын атқарды. Жұмысты он-он екі сағаттық кезеңмен істеді. Қазатындары «Огнеупорный глина» деп аталатын ақ топырақ, экскаватор қазған тоң топырақты қолмен тиеу және ну орман ағаштарын кесу жұмыстарын жасады. «Кеппеген жас ағаштан жасалған шпал мен иығыңды езіп жіберер темір жолды көтеріп, үңірейген карьерге қарай мықшыңдайсың. Сенің артыңнан тырмыса вогон итеріп басқалар ереді... Арпалысқан адамдар, жанталасқан қимыл, жан тапсыра қимылдаған жұмысшылар. Таусылып бітпес қозғалыстан әбден қажыған, салдары суға кете итырықтағандар орман арасында құмырсқаша құжынайды.
Түсіпбек Жұртбайұлы: Елден шақырылған бір топ жерлестері Зияпат Ластаев, Мырзағұл Абақаев, Уәтай Асанов, Нұрсәли Қоразовтармен бірге оларды Оралдағы Свердлов қаласында орналасқан «Белка» деп аталатын соғысқа қажетті бұйымдармен қамтамасыз ететін өндіріс орнына жұмысқа тартады. Бұл заводта танк жасайтын, жоғарғы температураға шыдайтын (100 градус) металл өндірілетін, тәулігіне екі ауысыммен жұмыс істелетін. Соғыстағыдай атылған оқ, жарылған снаряд, оққа ұшқан жауынгерлер жоқ демесең, мұндағы жағдай да адам төзгісіз қиын еді. Кей кездері 12-14 сағаттық демалыссыз ауыр жұмыс, адам басына 600 гр. нан мен бір мезгіл беретін капуста көже болатын.
Ластаев Зияфат : 1940 жылдың басында еңбек армиясына шақырылды. Орал қаласында еңбекке араласады. Осы кезең - әкемнің өмірінің ең қиын кезеңі еді. Әкем еңбек армиясындағы кезеңде еске алуды ұнатпайтын, ол туралы әңгіме қозғауды жөн санамаушы еді. Біз әкемізден қай жерде соғысқаны туралы сұрағанымызда «мен басқа майданда болдым» деп жауап беретін де, «менің көргенімді сендер көрмеңдер, құдай басқа бермесін» - дейтін.
Еңбек кітапшасындағы жазбаларды қарап отырсам 1942 жылы Белка кенішіне слесарь болып қабылданып, 1945 жылға дейін істепті. 1945 жылдың ақпан айында 1 қалалық партия конференциясының қаулысына сәйкес Богослов алюминий зауытына слесарь болып ауысып, онда 1946 жылға дейін жұмыс істеді. Әкеміздің там-тұмдап айтқан әңгімесінен ұққаным олар адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп, еңбек еткен екен. Қысы –жазы жалаң аяқ, жылы киім кие алмай жұмыс істеген
Екі бөлімнен тұратын басылыммен өлкетанушы, осы жобаның үйлестірушісі Слямова Зиза Мұхтарханқызы таныстырды. Кітаптың бірінші бөлімі – Еңбек армиясында болған шығысқазақстандық қазақтардың, екінші бөлімі біздің өлкеге еріксіз қоныс аударған неміс отбасыларының тағдырынан сыр шертеді. Ұлы Жеңісті жақындатуға қарумен емес, қара күшімен өлшеусіз үлес қосып, фашистермен «жым-жырт қана» соғысқан Еңбек армиясының ерлері жайлы архив деректері мүлдем жоқ деуге болады.
Кездесуге келген қонақтар өз отбасының, әкелерінің талайлы тағдыры туралы сыр шертіп, осы жабық тақырыпқа қозғау салған кітапхана ұжымына алғыстарын білдірді. Жас ұрпақты отансүйгіштікке, қайсарлыққа, төзімділікке тәрбиелейтін өлке тарихынан сыр шертетін ұжымдық еңбек оқырманға жол тартты.
Еңбек армиясына қатысқан Шығысқазақстандықтар туралы деректер электронды кітапқа үнемі толықтырылып отырады. Өзінің туған туыстары туралы (фотосуреттер, майдан хаттары, естеліктер, өмірбаяндық деректер) жазамыз деген оқырмандардан қабылданады. Электронды нұсқасын « Еңбек армиясы» деген белгімен This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық поштасына жіберіңіздер. Тарихтың белгісіз беттерін бірге ашайық!

 
Трудармия 1 Трудармия 2 Трудармия 3 Трудармия 4
 
Байланысшы : Кемешева Меруерт, 87052819343
 

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26323953
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102