«Уба бойындағы қала»: онлайн-кездесуі
- Толығырақ
- Құрылды 26.10.2021 16:35
А. С. Пушкин атындағы облыстық кітапханасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жылы «Шығыс Қазақстан ауылдарының тарихы» жобасы аясында http://kray.pushkinlibrary.kz/kz/tarih-betterinde/sh-o-auyldaryny-tarikhy.html тарихшылар, жазушылар, журналистер, өлкетанушылар, зерттеушілермен және өзінің кішкентай ғана ауылының тарихымен таныстыратын қызықты адамдармен онлайн-кездесулер циклін жалғастырады.
27 қазан 2021 жылы Zoom платформасында мерейтойлық датаға арналған «Уба бойындағы қала» онлайн-кездесуі өтті. 2021 жылы Шемонаиханың құрылғанына 255 жыл және қала мәртебесін алғанына 60 жыл толады.
Қала атауымен көптеген танымал тұлғалардың есімдері тығыз байланысты, олар: А.Иванов, Г. Гребенщиков, И. Астафьев, Серікқазы Бекбосынов, В. И. Зубко және т.б. Шемонаиханың мақтанышы – Тарихи-өлкетану мұражайы, ол 48 жылдан астам уақыт бойы Шығыс Қазақстандағы ең үздік ғимараттардың бірі болып табылады. Аудандық кітапхана қызметкерлері қаланың тарихымен, оның қызықты адамдарымен таныстырды.
Кіші Отанға деген сүйіспеншілік, оның тарихын білу – бүкіл қоғамның рухани мәдениетінің өсуіне негіз болып табылады. Біз туған жерімізге жарқын балалық шақ пен өмір сыйлағаны үшін әрдайым қарыздармыз.
Байланыс тел.: 26-13-33 (123)
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26337073
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы