«Қазақ даласының ұлы батыры – Қаракерей Қабанбай»: әдеби көрмесі
- Толығырақ
- Құрылды 19.01.2022 11:03
2022 жылдың 15 қаңтар күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлы даланың ұлы есімдерін» ұлықтау мақсатында ерліктің арқауы, елдіктің бастауы болған дарабоз батыр Қабанбай бабамыздың 330 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ даласының ұлы батыры - Қаракерей Қабанбай» атты көрме ұйымдастырылады.
Атақты ғұлама Мәшһүр Жүсіп Көпей «Қазақта Қаракерей Қабанбайдан асқан батыр болған емес» деп бағаласа, әйгілі ғалым Құрбанғали Халид: «Шығыстың бес тарихы» деген еңбегінде: «Абылай ханның дәуірінде батыр және әскербасы болып келген адамдар – Қаракерей Қабанбай батыр, Алтыбай батыр, Ақтамберді батыр, Еспембет батыр, Матай Шөнкей батыр, Керей Жәнібек батыр, Бура Ақбантай батыр, Қанжығалы Бөгенбай батыр, Бәсентиын Малайсары батыр және басқалар. Бұлардың әрқайсысы батырлықтарымен асқақ атақ, абырой алған болса да, олардың батырлығынан өресі биігі Қабанбай батыр еді», – деп жазып қалдырған.
Көрмеге ел қорғап, ерлік көрсеткен батырдың өмір жолы мен шайқастары туралы әдебиеттер қойылады. Атап айтсақ, А. Тасболатов, Т. Мұсааев «Қазақтың хас батырлары», Т. Байжұманұлы «Елін қорғаған Ерасыл-Қабанбай», З. Тілеужанұлы «Қаракерей Қабанбай» және т.б.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26045503
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы