«Бабадан қалған байтағым» Қалибек Алтыбаевтың екі томдық кітабының тұсаукесері
- Толығырақ
- Құрылды 29.04.2022 11:04
5 мамыр күні, сағ.15.00-де А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында журналист, сөзжұмбақшы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Зайсан ауданының Құрметті азаматы Алтыбаев Қалибек Қизатұлының «Бабадан қалған байтағым» атты 2 томдық кітабының тұсаукесері өтеді.
Қалибек Қизатұлы топонимика, ономастикамен шұғылданып, заманауи адамға жұмбақ әрі түсініксіз дүниелерді зерттеумен шұғылданады. Қолданбалы өнер, халық кәсібі тарихын зерттеп, Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов әлемін тануға барынша үлес қосып келеді. Ауыз әдебиетіне жататын түрлі жұмбақ, айтыстарға жаны жақын қаламгер оларды сөзжұмбақ үлгісінде жасырып жазумен де шұғылданған. Қазақстан КИнЭС рекордтар кітабына енген сөзжұмбақшы Қ. Алтыбаевтың «Сан сұраққа саяхат» (1993), «Зайсан өрнектері» (2000), «Абайдың алып айдынынан» (2001), «Шырағың мәңгі сөнбейді» (2003), «Сынаптай сырғыған жылдарым» (2003), «Атамекен Зайсан» (2006), «Үш кемелдің шалқарынан» (2011) т.б. кітаптары бар. Бұл кітаптарының басым бөлігі сөзжұмбақтардан тұрады. Жай ғана сөзжұмбақ емес, ұлы Абай, Шәкәрім, Әуезовтің алып айдынын арқау еткен сөзжұмбақтар дүниесі.
Қаламгердің «Бабадан қалған байтағым» атты жаңа кітаптарында елін-жерін жан аямай қорғаған әйгілі батырлардың тұлғалары, Зайсан өңірінде рухани шырақ жаққан ерекше дарын иелері, еліне тұлға болған ел билеушілері, өнер адамдары сипатталған. Зайсан ауданының барлық елді мекендерінің тарихы, әр ауыл округы бойынша жер атаулары жеке-жеке берілген. Өлке тарихын танып, зерттеушілер үшін бұл туындының берері мол екені сөзсіз.
Ендеше, баршаңызды жаңа кітап тұсаукесерінің куәсі болуға шақырамыз.
Байланысшы: Кемешева М.Н. 87052819343
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26341272
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы