homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВПушкин кітапханасы этнопаркте
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Пушкин кітапханасы этнопаркте

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі бізге көктемгі тамаша көңіл-күй сыйлап, салтанатты мерекені табиғат аясында, атап айтқанда Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығының Сол жағалау кешенінде атап өтуге мүмкіндік берді.

Мереке күні А. С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана қызықты да көңілді іс-шаралар – әдеби көрмелер, викториналар, әдеби шығармалар бойынша конкурстар, ұлттық киімдердің дефилесі және оқуды дәріптеуге бағытталған басқа да шаралар ұйымдастырды.
«Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін» атты әдебиеттер көрмесі сөзжұмбақ, лотерея, қоржын сұрақтар тәрізді интерактивті оқу; сондай-ақ кітаптар, журналдар, балалар әдебиетімен танысу; әдебиетті оқудың отбасылық дәстүрлерін ұсынды. «Кітап оқитын адам» достық қуанышын, мереке атмосферасын жақсы сезіне біледі, сол себепті келушілер әдеби көрмеге қуана қатысты.
Мақал-мәтелдерге арналған «Мақал-мәтелді жалғастыр!» көңілді викторинасы қатысушыларға халық даналығы туралы білімдерін жаңғыртуға мүмкіндік берсе, «Жаңылтпаштар сайысы» қатысушылар үшін нағыз сынақ болды. Оларға қазақ және орыс тілдерінде түрлі жаңылтпаштар ұсынылды. Осылайша, қатысушылар дәстүрдің көмегімен өздерінің шеберлік деңгейін сынап көрді. Нәтижесі мереке қонақтарын таң қалдырып, қуанышқа бөледі.
Барлық тілек білдірушілерге Абай Құнанбайұлының, Александр Пушкиннің, Мұхтар Әуезовтың, балалар жазушыларының шығармаларын еске түсіріп, жұмбақтар, викториналар, «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша сөзжұмбақтар, сондай-ақ өлке тарихынан викториналар ұсынылды.
Ал, кішкентай қонақтарды кітап оқуға тарту үшін «Оқимыз, ойнаймыз» бағдарламасы ұйымдастырылды: сурет салу, пазл жинау, 3D «Quiver» (жанды бояу) қосымшасына арналған суреттерді бояу, мультфильм жасау және басқа да ұсақ моторика мен шығармашылық қиялды дамытатын сабақтар.
Мереке қонақтарына сублимациялық баспа техникасымен жасалған, қолөнер бұйымдарының көрмесі, сондай-ақ ашық хаттар жасауға арналған шеберлік-сағаттары да ұсынылды. Сыйлық ретінде сатып алуға шопперлер, футболкалар, кружкалар, Ализе ойыншықтары қойылды.
Ұлттық киімдер сан ұрпақтың тарихы мен дәстүрінен сыр шертеді. «Ұлттық киім – халық қазынасы» жарқын этнодефилесінен келушілер түрлі ұлттардың тарихы, салт-дәстүріне арналған кітаптармен танысып, ұлттық билерін тамашалады.
Көрмелер, конкурстар, шеберлік-сағаттар, сұхбаттар, құттықтаулар, қонақтармен араласу фото және бейнетүсіріліммен, тікелей эфирлермен қатар жүрді.
Мерекеге қатысушылар кітапхана ұйымдастырған танымдық шараларға қатысып қана қоймай, кітапхананың қызметі мен ресурстары туралы ақпараттық жарнамаларды алып, кітапханаға жазылу сауалнамаларын толтырып, әлеуметтік желідегі парақшаларына тіркелді.

park1 1 park1 9 park1 16 park1 23 park1 24 park1 3
park1 28 park1 10 park1 5 park1 4 park1 7 park1 20


Байланыс тел.: 26-13-33 ( 119)

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26322668
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102