«Бәрімізге ортақ Пушкин…»: ұлы ақынның туған күніне арналады
- Толығырақ
- Құрылды 30.05.2022 10:30
6 маусым күні Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы әлем әдебиетінің классикасына айналған ұлы ақын, жазушы, өшпес туындылардың авторы, есімі біздің кітапханаға берілгеніне 85 жыл болған - Александр Сергеевич Пушкиннің туған күніне арналған мереке ұйымдастырды.
Таңнан бастап кітапхана алдындағы алаңда «Ұлы тұлға – ұлы жол» атты интерактивті әдеби экспозиция жұмыс істеді. Мұнда ақынның керемет туындыларымен, танымал пушкинтанушылардың зерттеулерімен танысты. Пушкин фотозонасында естелік суретке түсіп, селфи жасады.
Мерекеде ШҚО мәдениет басқармасының Мәдениет және өнер бөлімінің басшысы Ұлан Болатұлы Сағадиев, Өскемендегі Ресей Федерациясы Бас консулдығының өкілдері - Өскемендегі Ресей Федерациясы Бас консулдығының вице-консулы, Россотрудничество өкілдігінің басшысы Александр Андреевич Дяченко және Өскемендегі Ресей Федерациясы Бас консулдығының үшінші хатшысы Телегин Владислав Александрович құттықтап, ізгі лебіздерін білдірді. Мәртебелі қонақтар А. С. Пушкин ескерткішіне гүл себеттерін қойды.
Оқырмандарымыздың орындауында Пушкиннің өлеңдері әлем халықтарының әртүрлі тілдерінде оқылды. Сондай-ақ, кітапхана алдындағы алаңда жиналған үлкенді-кішілі көпшілік үшін әр түрлі ойындар, конкурстар мен викториналар өтті.
Күні бойы Настасья Коновалованың «Пушкинше жаз» каллиграфиясы бойынша мастер-класс жұмыс істеді. Тәжірибелік бөлімінде қатысушылар ұлы ақынның қолжазба жазуларын қайталап жазуға тырысты. Каллиграфтармен қатар «Жұлдыз» балалар өнер мектебінің сурет салу бойынша кіріспе сабақтар өткізіліп, ал жас суретшілер үшін мектеп тәрбиеленушілерінің А.С. Пушкиннің ертегілері бойынша салған суреттері ұсынылды. Макегѕрасe кітапханалық шеберханасында кружкаларда, сауда сөмкелерінде, футболкаларда - «Ерекше print» сублимациялық басып шығарудан шеберлік сабақтары өтті.
Интернет пайдаланушыларын кітапхана сайтындағы «Абай және Пушкин» көрмесіне шақырамыз http://pushkinlibrary.kz. Көрме екі данышпан жазушының шығармашылық жақындығы мен рухани туыстығын ашады. Абайдың Пушкинге деген шексіз құрметін аңғаруға болады. Сонымен қатар, виртуалды келушілерді А.С. Пушкиннің шығармаларында кездесетін ескірген сөздердің (архаизмдер) мағынасын білу және Пушкин Лукоморье жолындағы онлайн - квест күтеді.
Мереке қызықты өтті, себебі Пушкин: мейірімділік пен талант, батылдық пен қарапайымдылық, достыққа адалдық және сүйіспеншіліктің шексіздігі... Ұлы ақынның шығармашылығы барлық адамдарды дініне, ұлтына қарамастан біріктіреді.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26338964
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы