homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ«Уа, Қабанбай, көзелім»: республикалық онлайн байқау өз мәресіне жетті

«Уа, Қабанбай, көзелім»: республикалық онлайн байқау өз мәресіне жетті

1 маусым күні Қабанбай батырдың 330 жылдығына арналған «Уа, Қабанбай, көзелім» атты балалар мен жасөспірімдер арасындағы республикалық онлайн байқаудың қорытындысы шығып, жеңімпаздар марапатталды.

Сайыстың негізгі алдына қойған мақсаты ерлектің арқауы, елдіктің бастауы болған Дарабоз, хан батыр Қаракерей Қабанбай бабамыздың ел қорғап, ерлік көрсеткен өмір жолы мен шайқастарын насихаттау, қазақ халқының қаһармандық тарихын зерттеп, зерделеу арқылы батыр бабаларымыздың ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты қорғап, кейінгі ұрпаққа аманат еткен маңызын ұлықтау, жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналдыру. Республикалық онлайн байқауына 60-тан астам бейнеролик, жазба жұмыстары келіп түсті.
Айта кетейік бұл онлайн байқауды Шығыс Қазақстан облыстық А.С. Пушкин атындағы кітапханасы мен Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі ұйымдастырды.
Байқау жеңімпаздары арнайы дипломмен, алғыс хатпен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаздарды топшылатып бәйгеге қосқан топ жетекшілері де арнайы алғыс хаттармен марапатталды.
Осы сайыстың өтуіне өзінің зор үлесін қосқан республикалық онлайн байқаудың негізгі ұйымдастырушысы, Қабанбай батырды зерттеуші, «Қас жауына қарсы шапқан Бахадүр», «Бабалар рухына тағзым», «Тарбағатай, Барқытбел: тарихыңды тани жүр» өлкетанулық кітаптарының авторы, зерттеуші-педагог, тарихшы, жоғарғы санатты ұстаз Айтқожин Қайрат Батыханұлы ағамызға алғысымызды білдіреміз. Сондай-ақ, жеңімпаздарға қаржылай сыйлығын ұсынып, өзінің «Ержүрек батыр бабам - Ер Қабанбай» атты кітабын сыйға тартқан «Абай қорының» директоры Ғафуров Аслан мырзаға және арнайы номинацияға кубок оған қоса өзінің жеке сыйлығын ұсынған С.Аманжолов атындағы ШҚУ, ІТжәне жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің оқу ісі жөніндегі деканның орынбасары Айтқожина Салтанат Қайратқызына алғысымыз шексіз.
Байқаудың қорытындысы бойынша:
І бағыт – Қабанбай батыр туралы жырды жатқа оқу (бейнеролик);
1-ші орынды иеленген: Жақаев Расул - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№32 орта мектебінің 9 «ә» сынып оқушысы. Расулдың жетекшілері Жарылқапова Аида Дүзелбайқызы мен Зияданова Гүлназ Арынғазықызы да арнайы алғыс хаттармен марапатталды.
2-ші орынды иеленген: Тілеубек Иманғали - Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылы, Абай атындағы орта мектебінің 7-ші сынып оқушысы. Жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі - Қабидолдин Қуаныш Тілеуханұлы да марапатталды.
3-ші орынды иеленген: Сембеков Қуаныш – Аягөз ауданы Ш. Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектептің 6-сынып оқушысы. Жетекшісі - Какимова Әдемі Рысбекқызы да марапатталды.
ІІ бағыт – Қабанбай батыр жайлы бейнеролик.
1-ші орынды иеленген: Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп лицейінің
7-ші сынып оқушысы Шаймұратова Диана. Жетекшісі Бигелдинова Әсем.
2-ші орынды иеленген: Оралхан Бокей атындағы №44 лицейінің 8-ші «б» сынып оқушысы Шармен Балжан мен жетекшісі Садықова Нұржамал Әнуарбекқызы.
3-ші орынды иеленген: «Өскемен қаласындағы №35 жалпы орта білім беретін мектебінің 5 «д» сынып оқушысы - Жандосов Әлинұр. Жетекшісі Қабдуалиева Шынар Қайырбаевна.
Сайыс 3 тілде жарияланды, осы конкурсқа ағылшын тілінде шығарма жіберіп қатысқан жалғыз қатысушымыз «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейдің» 10-шы сынып оқушысы - Нәбиолда Дильназ Рүстембекқызы да арнайы сыйлықтармен марапатталып,жетекшісі Есимканов Азат Сагынгановичқа алғыс хат табысталды.
Ерен ерліктің, айтулы қаһармандықтың үлгісін көрсеткен жаужүрек батырымызды ардақ тұтып, ерлігін дәріптеген байқау жеңімпаздарын жеңістерімен тағы бір мәрте құттықтай отырып зор шығармашылық табыстар тілейміз!
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз! шығармашылық жетістіктер мен үлкен жеңістер тілейміз!

konkyrc 1 1 konkyrc 1 3 konkyrc 1 10 konkyrc 1 12 konkyrc 1 13 konkyrc 1 14

 Байланыс тел:тел. 26-13-33 (ішкі 119)

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 25963022
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102

Joomla! Debug Console

Session