«Туған күніңмен Елорда! интерактивті көрме
- Толығырақ
- Құрылды 05.07.2022 16:00
6 шілде Елорда күніне орай А. С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Туған күніңмен - Елорда!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Аталмыш көрмеде еліміздің бас қаласының негізгі қалыптасу кезеңдері туралы сыр шертетін әдебиеттер жинақталған.
Қазіргі кезде Елорда – Қазақстандағы барлық оң бастамалар мен қайта құрулардың көшбасшысы. Көрмеге қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі кітаптар қойылған. З. Қабылдиновтың «Астана тарихы», А.Смайылдың «Астана ғасырлары» кітаптары біздің еліміздің басты қаласының ежелгі Бозақ қаласынан бүгінгі әлемнің ең әдемі астаналарының біріне айналғаны, сондай-ақ ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі Нұр-Сұлтан қаласының тарихын баяндайды. С.Түгелдің «Жерұйығы елімнің Астана», «Көк күмбезді Астана», К. Салықовтың «Астана елдің ажары», «ХХІ ғасырдың Астанасы» және т.б. кітаптар әсем қала Нұр-Сұлтан қаласының қалай құрылғанын әңгімелейді. Көркемсуретті кітаптар Елорданың көрікті жерлеріне арналған. Атап айтсақ «Астана суретшілер көзімен», «Астана архитектурасы», Х.Труспекова «Жаңа заман сәулеті», «Астана. Монументы. Скульптуры» атты көркем безендірілген басылым беттерін парақтай отырып бас қаланың әсем де көрнекті орындарымен таныса аласыз.
Нұр-Сұлтан қаласының көшелеріне Қазақстанның ұлы адамдарының есімдері берілген, олардың арасында жерлестеріміз – А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердіұлы, М.Әуезов, Қ.Мұхамедханов сынды шығыстан шыққан айтулы тұлғалар да бар.
Біздің жерлес ақын-жазушылар мен қоғам қайраткерлерінің арасында елорданың өркендеуіне өз үлесін қосқан адамдар бар. Олар: Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұ. Есдәулет, сондай-ақ Ә. Асқаров, ақын, филология ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Ж.Аймухамбет. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» кітабына Тәуелсіздіктің 30 жылдық тарихына өз еңбегімен ерекше үлес қосқан адамдар тізіміне біздің әріптесіміз, елорданың Ұлттық академиялық кітапханасы басшысының ақпараттық ресурстар жөніндегі орынбасары Нұржан Жолдыбалинов та кірді.
Кітаптармен бірге көрмеден жас астананың заманауи келбетін айқындайтын журналдар, фотосуреттер, очерктер мен мақалаларды да таба аласыздар.
Құрметті оқырмандар! Сіздерді сүйікті Елорда күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Біздің мақтанышымыз, Отанымыздың жүрегі – ару қаланың жұлдызы әрқашан жарық болсын! Елордамыз қайталанбас келбетімен, көз тартар сұлулығымен және ұшқыр жаңашылдығымен баршамызды қуанта берсін! Мереке қарсаңында сіздерді кітап көрмесіне саяхат жасауға шақырамыз!
Байланысшы: Жанұзақова Райхан
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26137855
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы