homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ"Толқындармен жетер саған дауысым..." ақын Бақытжан Раисовамен кездесу

"Толқындармен жетер саған дауысым..." ақын Бақытжан Раисовамен кездесу

2 маусым күні кітапханада белгілі ақын Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Бақытжан Раисовамен кездесу өтті.

Raysova 11Раисова Бақытжан ШҚО, Катонқарағай ауданы, Еңбек аулында (Таңба) дүниеге келген. 1976 жылы Шыңғыстай орта мектебін бітіріп, С.М. Киров атындағы (қазіргі Әл-Фараби) Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түседі. 1979 жылы үздік студент ретінде Бақытжан Райысоваға Мәскеудің Әдебиет институтына жолдама беріледі. Алайда отбасы жағдайына байланысты бара алмай қалады. Университетте Рымғали Нұрғали, Зейнолла Қабдолов, Тұрсынбек Кәкішев, Алма Қыраубаева сынды әдебиет ғылымының алыптарынан дәріс алады. Сол кездегі факультет деканы, көрнекті қоғам қайраткері, ғалым Мырзатай Жолдасбеков Бақытжанның өлеңдерін бағалап, «Наша поэтесса» деп еркелетеді екен. Кейін «Жұлдыз», «Қазақ әдебиеті» басылымдарына шыққан балаң жырларына ақын Ғафу Қайырбеков жоғары баға берген.
1997-2007 жылдары ол Өскемен қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы гуманитарлық - эстетикалық дамыта оқыту бағытындағы мектепте ұстаздық қызметін жалғастырады.
Оның өлеңдері «Қазақ әдебиеті», «Жас алаш», «Дидар», «Арай» газеттерінде, «Жұлдыз», «Ақ Ертіс», «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналдарында, «Балауса» студент-жастар топтамасында «Ағажай, Алтайдай жер қайда-ай» жинағында, «Алтай әуендері» атты топтама-хрестоматияда жарияланған.
Ақынның 2000 жылы «Ай мен Алтай», 2005 жылы «Сезім сәулесі» жыр жинақтары 2009 жылы «Ғасырдың мұңы» кітаптары, 2021ж. «Абай «әлемі» жобасы аясында «Жердің күн беті» өлеңдер жинағы шықты.
Өз заманының толғақты мәселелерін сезім сәулелерімен өрнектей білген ақын әрі ұстаз Бақытжан Раисованың шығармашылығына баға бере келе жазушы Айгүл Кемелбаева «Бақытжан Раисова ақ өлеңмен жазады. Ұйқас қуу қайда, ол техникалық қулықтан ада – қазақтың қара өлеңі мен жыраулар жыры, фольклорлық сарын мирасқоры. Бақытжан Мұхтарханқызының қазақы болмысы маған өткен ғасыр қаймағы бұзылмаған елдік дәстүр жұрнағындай сезіледі. Заманмен бірге өзгерген ұлттық мінезге жат құбылулардың теріс тұсы бұл ақында атымен жоқ. Нағыз қазақтықтан айрылмаған, жаны таза ақын» деген еді.

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 25948729
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102

Joomla! Debug Console

Session