Республикалық конференция «Жоба – кітапхананы дамыту стратегиясы»
- Толығырақ
- Құрылды 16.09.2015 11:17
16-17 қыркүйекте кітапханада стратегиясы» атты республикалық конференция өткізіледі.
Конференцияны ұйымдастырушылар – Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, Астанадағы АҚШ Елшілігі басшылық жасайтын «Америка бұрыштары» Бағдарламасы, Облыстық кітапханашылар ассоциациясы және А.С.Пушкин атындағы кітапхана. Конференцияға Қазақстанның барлық аймағынан инновациялық жобалық қызметті дамытуды мақсат еткен кітапхана басшылары мен қызметкерлері қатысады. Ағылшын тілін үйретуді қолдау мақсатында, еліміздің көпшілік кітапханаларында орын тепкен Америка бұрыштары үйлестірушілеріне арналған секция қатар жұмыс істейді.
Республикалық конференцияның мақсаты – кітапхана қызметіне инновациялық жобаларды кеңінен енгізуге ықпалдық ету. Бағдарлама аясында лекция-презентациялар, дискуссиялар, ережені ұғынып, әлеуметтік-маңызды жобаларды әзірлеу жөнінде нақтылы дағдыларды алуға мүмкіндік беретін ой-толғаулар ұйымдастырылады.
Конференцияны Мәскеу мемлекеттік мәдениет және өнер университетінің профессоры В.К.Степанов «Цифрлық коммуникация дәуірінің кітапханашысы» атты пленарлық лекциямен ашады. Айта кеткен жөн, мәскеулік қонақ конференция сессияларының бірінде қазақстандық әріптестерін кітапхана қызметкерлеріне қашықтан аттестация өткізу Жүйесімен таныстырады, бұл – кітапханашыларға арналған ерекше электронды емтихан. Сондай-ақ В.К. Степанов мәскеулік әріптесі Е.Н.Гусеваның мемлекеттік тілге аударылған «Кітапханалардың инновациялық қызметін бағалау: әдістері мен тәсілдері»/«Оценка инновационной деятельности библиотек: методы и подходы» кітабының презентациясына қатысады.
Конференцияға қатысушылар екі күн бойы жоба қызметінің ерекшеліктерін, жобаның құрылымы мен құрамдас байланысын, әріптестермен үй тапсырмасын талдап, өз идеяларын аяқталған жоба ұсыныстарына дейін жеткізеді. Еліміздің кітапханашылары А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы (http://www.pushkinlibrary.kz/) жүзеге асырған жобалармен танысады, олар: «Біздің Абай», «Тұрмыс-жағдайы төмен отбасы балаларына арналған ағылшын тілі мектебі», «Ауыл онлайн орталықтары», «Тосқауылсыз кітапхана», «Brainmade» Жастар Интеллект-орталығы».
Республикалық конференция кітапханалардың жобалық қызметіне ықпалын тигізіп, еліміздің кітапхана ісін дамытудың жаңа белесіне шығуға импульс береді деп үміттенеміз.
Байланыс: Ашкенова Жансая, тел 261333, 119
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26325395
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы