Іскер әйелдермен кездесу
- Толығырақ
- Құрылды 24.12.2015 10:32
23 желтоқсан күні кітапханада «Қазақстанның қанатты әйелдері» альманах-кітабының тұсаукесері өтті. Альманах-кітап – Қазақстан іскер әйелдер Ассоциациясының 20 жылдығына орай басылып шықты.
Альманахтың алғысөзін жазған – облыс әкімі Даниал Ахметов.
Елбасымыз Н. Назарбаев «Отбасы, ошақ, мемлекеттің негізі әйел адамның қолында» деп бекер айтпаған. Еліміздің жаңа саяси мәдениетін әйел адамның қатысынсыз қарастыру мүмкін емес. Альманах-кітапта жасы, мәртебесі әртүрлі, табысты да толыққанды, беделді де белсенді әйелдер өз құндылықтары мен жетістіктері жайында әңгімелейді.
16 кітап болып шыққан альманахтың әрбір кітабы нақты бір аймақтың белгілі әйелдеріне арналған. Әр кітапқа әр салада аты шыққан 50 әйелдің есімі енген, олар – өндіріс жеткешілері, банк ісі және ҮЕҰ өкілдері, дәрігерлер, педагогтар, тәрбиешілер ...
Тұсаукесерде алғашқы сөз кезегін алған Ассоциация құрылған алғашқы күннен бастап мүшесі болан, қаламыздағы әйел-саясаткерлер клубының төрайымы Вера Николаевна Сухорукова іскер әйелдер Қауымдастығының құрылу тарихына, 20 жыл ішінде атқарылған жұмыстар, іске асқан ауқымды жобалар туралы айтып өтті. Өскемен қаласындағы іскер әйелдер Ассоциациясының белсенді мүшесі Надежда Григорьевна Степанчук кітапқа енген әйелдерге жеке-жеке тоқталып, таныстырып өтті.
Сондай-ақ, кітапқа енген 10 баланың анасы, 24 немере, 17 шөбере сүйіп отырған Сатыбалдиндер педаготер әулетінің анасы Сатыбалдина Нағима апай сөз сөйлеп, өмірлік тәжірибесімен бөлісіп жастарға ақыл-кеңесін айтты.
Кездесуге альманахқа енген «Тамила плюс» ЖШС директоры Т.Г.Карпенко , С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің профессорлары Ахметжанова Ф.Р., Нургожина А.Б., мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорттық клубтың директоры Кузовлева О.Г., келіп, сөз сөйлеп, бүгінгі жеткен жетістіктерінің сырымен бөлісті.
Ассоциацияның шешімімен А.С. Пушкин атындағы кітапханаға, тарихи-өлкетану мұражайына «Қазақстанның қанатты әйелдері/Окрыленные женщины Казахстана» кітабын сыйға тартты.
Іскер әйелдер Ассоциациясынан Шығыс Қазақстан өңірінің 250 жауһарының есімін табуға болады және бұл орта әлі де нәзік жанды тұлғалармен толыға түседі деп сенеміз.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26339157
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы