homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВЕркін елдің кемел тұлғалары
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Еркін елдің кемел тұлғалары

15 қаңтар күні кітапханада Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған "Еркін елдің кемел тұлғалары" деп аталатын әдебиеттер көрмесінің тұсаукесері өтті. Көрме еліміздің тарихынан маңызды орын алған белді тұлғалардың тарихи галереясын ұсынды. 

Кітапхана мамандары қонақтарды Абылай ханнан Нұрсұлтан Назарбаевқа дейінгі, батырлар: Қаракерей Қабанбайдан бастап генерал Панфилов пен Бауыржан Момышұлына дейінгі, ғалымдар: Шоқан Уәлихановтан Қаныш Сәтпаевқа дейінгі, мәдениет қайраткерлері: Абайдан Евгений Брусиловский мен Олжас Сүлейменовке дейінгі, әйгілі әйелдер: Дина Нүрпейісовадан Бибігүл Төлегеноваға дейінгі, әлем чемпиондары: Қажымұқан Мұңайтпасовтан Олимпиада жеңімпаздарына дейінгі  мемлекетіміздің тарихына алтын әріппен жазылған тұлғалар  туралы  кітаптармен таныстырды.
Тарих – бұл әлеуметтік-экономикалық формация, атаулы күндер мен оқиғалар ғана емес, ұлы істерді кешегі және бүгінгі таңда іске асырып отырған нақтылы адамдардың, билеушілер мен қолбасшылардың өмірі. Әдемі тысталған полиграфиялық басылымдарда – монография, энциклопедия, көркем суретті кітап‑альбомдарда – еліміздің мақтанышына айналған әйгілі адамдардың ғұмырбаяны мен қызметі зерделенген. Ал жергілікті суретшілердің белгілі қайраткерлер портреттері қатысушыларды ерекше көңіл-күй мен әсерлі сезімдерге жетелейді.
Көрмеге қойылған кітаптардың көпшілігі Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдары Елбасының бастамасымен «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде шығарылған.
Тарихты ұлы адамдар жасайды десек, ғасырлар куәсіне айналған еліміздің тарихы айтулы тұлғалар ғұмырнамасымен тығыз байланысты. Ұйымдастырушылар осы кітап көрмесі жастарға ел тарихы туралы білімдерін жүйелеп, келешек ұрпақтың мемлекет тарихына қосар үлесін байыптап ойлануына және өзінің өмірлік жолын таңдауына көмек береді деп сенеді.
Көрме презентациясы Қазақстан тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған біздің кітапхананың мерейтойлық іс-шаралар көшін бастайды. Презентацияға шығармашылық мемлекеттік қызметкерлер, Одақ өкілдері, тарих, әдебиет, мәдениет қызметкерлері, журналистер, жастар, студенттер мен жоғары сынып оқушылары қатысты.
                                                                           

IMG 8270 IMG 8275 IMG 8284 IMG 8327 IMG 8436 IMG 8291
IMG 8396 IMG 8409 IMG 8411 IMG 8413 IMG 8323 IMG 8441

Байланыс: Рахимбаева Б.С., тел. 26133

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26330089
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102